14
October
2021
“Жетістіктің тарихы” тақырыбында дәріс сабағы
“Ұлы дала өркениеттері” атты орта білім беру ұйымдары арасында өткізілетін байқауға Айшабибі орта мектебінде “Жетістіктің тарихы” тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: жасөспірімдердің арасында ұрпақтар сабақтастығын, Қазақстан халқының мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, дәстүрді жаңғырту және дамыту мәселелеріне, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығына жанашыр болуға тарту. Қазан айының 13 күні Айшабибі орта мектебінің ұйымдастыруымен Айшабибі орта мектебінде «Жетістіктің тарихы» атты жастарға арналған дәріс сабағы өтті.
Іс-шараға, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айшабибі орта мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі Р.П.Елеманова, директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары А.С.Төлебекова, Айшабибі орта мектебінің түлегі, Халықаралық спорт шебері, Әлем чемпионы Бегділдә Арайлым Құрманғалиқызы, Айшабибі орта мектебінің ұжымы, белсенді жастар және жоғары сынып білім алушылары қатысты.
Дәріс сабағы барысында алғы сөзді Айшабибі орта мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.П.Елеманова сөйледі. Сөз барысында Рахат Пернебекқызы мектебіміздің түлектері мен білім алушыларының арасынан биік спорттық жетістіктерге жеткен, чемпион атанған және түрлі жарыстар мен олимпиадаларға қатысқан мектеп мақтаныштары туралы айтып өтті. Сонымен қатар Айшабибі ауылының еліміздің тарихында алар орны жайлы атап өтіп, спорттық жетістіктерімен, салауатты өмір салтын ұстанатындығымен ерекшеленетінін айтты.
Алғы сөзден соң білім алушыларға Жамбыл ауданы Айшабибі орта мектебінің түлегі, бүгінде мамандандырылған 6 мектеп-гимназиясының ұстазы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, Әлем чемпионы Арайлым Құрманғалиқызы туралы бейнеролик көрсетілді.
Дәріс барысында спортшы әрі бапкер білім алушыларға өзінің өмірі және түрлі сайыстардағы жеңістері туралы айтты. Және де біләм алушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға шақырды, қазіргі жастардың алғырлығы мен патриоттық сезімі жоғары екенін атап өтті. Дәріс сабағына қатысқан білім алушылар сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдіріп, Бегділдә Арайлым Құрманғалиқызымен танымды сұхбат жүргізді.
Дәріс сабағынан соң білім алушылар даңқты спортшымен естелікке суретке түсті.