21
November
2022
Әлем таныған Әуезов
Айшабибі орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен М. Әуезовтің туғанына125жыл толуына орай ”Әлем таныған Әуезов”атты әдеби кеш өтті. Әдеби кешке 9 сыныптар білім алушылары қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты М. Әуезовтың өмір жолы мен жазушылық қызметінен, шығармашылғынан мағлұмат беру. Жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу. Дамытушылық: оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, ой-өрісін, рухани жан дүниесін байыту, ойын ашық білдіру, еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Тәрбиелік: әлем таныған Әуезовтың ұлылығын дәріптеу. Қазақ елінің мақтанышына айналған заңғар жазушыны құрметтеуге, оқушыларды елін сүюге, әдебиетті білуге тәрбиелеу. Іс- шара барысында М. Әуезовтың портреті, кітаптар көрмесі,азаматтық шығармашылығына байланысты презентациялық слайдтар, бүктемелер көрсетілді. 9” А” сынып білім алушылары “Еңлік-Кебек” пьесасынан үзінді қойылым көрерменге ұсынды. Қорытынды: Әуезов әлемі дейтін кең дүниенің жаратылысы мен табиғатын екі сөзбен қайырып айту мүмкін емес. Оны терең танып жан -жақты талдау- әр дәуір , әр ұрпақтың киелі міндеті, көзге көрінбейтін ғажайып ұлы сиқырымен, құдыретімен ұлттық рух тәуелсіздігін қорғауға, сақтауға үйретеді.
https://www.instagram.com/reel/ClOBW2mjaXz/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/reel/ClOBW2mjaXz/?utm_source=ig_web_copy_link