#ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » » #ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога
15
May
2020

#ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога


Еліміздегі барлық мектептер қашықтықтан оқу форматына толық көшті. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" - деп дана халқымыз бекер айтпаған екен. Осы күндері балаларымыз, ұстаздарымыз, ата-аналарымыз, әкімшілік IT мамандар, Айшабибі орта мектебінің барлық қызметкерлері бір команда екенін көрсете білді. Үлкен сенім мен жауапкершілік мойнымызға артылғанын баршамыз түсінеміз. Бұл тоқсанның бақылау жұмыстары да, яғни оқушылардан алынатын БЖБ және ТЖБ жұмыстары ерекше өтілді. Бұл мезетте балаларымыздың бойындағы жауапкершілік, өз бетімен білім алуға дағдыларын қалыптастыруға байланысты жүргізілген жұмыстарымыздың нәтижесін де көре бастадық. Жақында оқушылардан алынған БЖБ жұмыстарының өтілуі өз деңгейінде өтті дей аламын, себебі тапсырмалардың тиянақты да уақытылы орындалуын көріп, қашықтықтан оқытудың тағы бір жетістігін көрдім. Ата-аналар мен балаларымыз кез келген сұрақпен мектеппен саll-centre арқылы байланыса алатынынан хабардар. Еліміздің осы кезеңнен аман есен өтуіне қосатын біздің үлесіміз - карантин режимін қатаң сақтау. Бұл - ел болашағы үшін қолымыздан келетін маңызды іс. Еліміз аман болсын! Болашақта мектебімізде аман есен жолығайық!
Айшабибі орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нұралиева Сәуле Мейірханқызы