27
September
2022
Мектебiм-алтын ұяң жарқыраған, ұстазың-бұлақ көзi сарқыраған
Бүгiн, 27.09.2022ж. Айшабибі орта мектебiнде қазақ тiлi мен әдебиетi және тарих бiрлестiгiнiң ұйымдастыруымен устаздар мерекесіне орай "Мектебiм-алтын ұяң жарқыраған, ұстазың-бұлақ көзi сарқыраған" атты эссе байқауы болып етті. Байқауға 8-10сынып оқушылары қатысып, өздерін білім нәрімен сусындаткан аяулы ұстаздарына ақ пейiлдерiн арнап, соның ішінде ерекше құрмет тұтатын ұстаздарының атын атап, шексiз алғыс бiлдiрдi. Бiлiм шаңырағы-алтын ұя мектебiмiзде шәкiрттердi бәсекеге қабiлеттiлiкке тәрбиелейтiн, бiлiмдi болуға атсалысатын, бала жанының бағбаны, бала бойына адамгершiлiк қасиеттер дарытып, тәлім-тәрбие беретiн ұстаздарға денсаулық тілеп, мың алғыс білдірді. Мектептiң, ұстаздың бала өмiрiндегi орнын атап көрсетіп, эссені өте жақсы жазған оқушылар 1,2,3 орындармен марапатталды.




