09
September
2022
Тілім - менің тірегім
Бүгiн, 09.09.2022ж. Айшабибі орта мектебiнiң қазақ тiлi мен әдебиетi және тарих бiрлестiгiнiң ұйымдастыруымен ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай тілім "Тілім - менiң тiрегiм" атты мақал-мәтел жарысы етті. Жарысқа 5-8 сынып оқушылары қатысып, мақал-мәтелдермен қоса тіл білімінің атасы, ақын, аудармашы, лингвист А.Байтұрсынұлының мол мұрасымен танысып, нақыл, қанатты сөздерiн де жатқа айтудан бәсекеге түстi. Оқушылар ұлттың сақталуына себеп болатын нәрселердiң ең қуаттысы тiл екенiн, егер де ұлт болып қалуды қаласақ, тiлiмiздi сақтап қалудың қамын жеуiмiз керектігін түсінді. Сайысқа өте жақсы дайындықпен келген сыныптар 1,2,3 орындармен марапатталды.
