30
May
2020
#Birgemiz: Түлек-2020#

Үкімет тарапынан оқушыларға керекті барлық жағдайлар жасалды. Оқу жылын қорытындылап, "Соңғы қоңырау" атты салтанатты сап түзеуді жоспарлауға кірістік. Бұл іс-шараның басты талабы - сақтық шараларды толықтай ұстанып, өзімізді қауіпті вирустан сақтау. Түлектер мен ата-аналарға қойылып отырған талаптардың барлығы халқымыздың, келешек ұрпағымыздың амандығы үшін төгіліп жатқан тер мен тынымсыз жасалып жатқан жұмыс екендігін бәріміз ескергеніміз жөн.
Құрметті жас түлектер, еліміздің болашағы - сендерсіңдер! Себебі, мемлекетіміздің қарыштап дамуы үшін дарынды жастар керек.Сендердің биік шыңдарды бағындыратындарыңа үміт артып, елінің қамқоршы азаматтары мен азаматшалары болуларыңа тілекшіміз. Шат-шадыман өмірде бақытты ғұмыр кешетіндеріңе де сенеміз.
Құрметті ұстаздар, осыған дейінгі берген барлық білімдеріңіздің жемісін көріп, оқушыларыңыз жоғары оқу орнына түсіп, үлкен белестерді бағындырсын! Ата-аналар қауымына да алғысымыз шексіз! Осы уақытқа дейінгі барлық орын алып жатқан оқиғаларға түсіністікпен қарап, балаларының сапалы білім алуы үшін барын салған сіздер - мықтысыздар. Балаларыңыз берген тәрбиелеріңіз бен еңбектеріңізді бағалап, текті ата-жолын жалғастырып, сіздердің сенімдеріңізді ақтасын! Ең бастысы - барлығыңызға денсаулық тілеймін. Хакім Абай айтпақшы: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректі бірдей ұстап, еліміздің нағыз патроиоттары болайық!