14
December
2022
Екі айырма бойынша белгісізді табуға берілген есептер
14.12 күні Айшабибі орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі Маманова Зауре Айтмұратқызының жетекшілігімен 4 “А” сыныбында математика пәнінен “ Екі айырма бойынша белгісізді табуға берілген есептер” тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді. Сынып оқушылары тақырыптың күрделілігіне қарамастан сабақ барысында алғырлығымен, ұтқырлығымен, жылдамдықтарымен көзге түсіп, ерекше белсенділік танытты, осы күнге дейінгі алған білімдерін жаңа тақырыптың есептерін шығаруда қолдана білді. Сабақ барысында “Қар үлпектері”, “Рулетка”, “Ақылды жұп”, “TikTok” әдістері қолданылып, алдыңғы сабақты еске түсіру, жұптық, топтық жұмыстар, сергіту сәті жүргізіліп, кері байланыс алынды.
Сынып жетекшісі: Маманова Зауре Айтмұратқызы
https://www.instagram.com/reel/CmJywYDj15K/?utm_source=ig_web_copy_link
Сынып жетекшісі: Маманова Зауре Айтмұратқызы
https://www.instagram.com/reel/CmJywYDj15K/?utm_source=ig_web_copy_link