Оқыту мен оқу үдерісіндегі жаңа тәсілдер » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » » Оқыту мен оқу үдерісіндегі жаңа тәсілдер
12
December
2022

Оқыту мен оқу үдерісіндегі жаңа тәсілдер

Айшабибі орта мектебі бастауыш бірлестігінің “Оқыту мен оқу үдерісіндегі жаңа тәсілдер” атты айлығының жоспары бойынша, Айшабибі орта мектебінің 3 “Ә” сыныбымен математика пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сынып жетекшісі: Байжиенова А.С.
Білім алушылар әлеуметтік желілер бойынша топқа бөлініп,әр түрлі әдіс- тәсілдер пайдалана отырып белсенді сабаққа қатысты.
Атап айтсам,”Қолшатыр” әдісімен тақырыптың мазмұны ашылса, “Тосын сый” әдісімен жұптық жұмыс беріліп,әр жұп өз тапсырмасымен бірге тосын сыйлық алды. “Подиум” әдісімен топтық жұмыс орындалып,үш топ сәйкесінше медальдармен марапатталды. Сабағымыз “Quizizz” әдісімен қорытылды,оқушылар ұялы телефонмен тест сұрақтарына жауап беріп,өз білімдерін сынады. Әр оқушының білім пайызы интербелсенді тақтадан көрсетіліп бағаланды. Тик-ток әдісімен кері байланыс жасалып,үйге тапсырма берілді.


https://www.instagram.com/reel/CmCXOIODtYO/?utm_source=ig_web_copy_link​​​