Школьникам » Страница 17 » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Страница 17
Тіл мен тарих-елдігімнің ажырамас бөлігі
07
февраль
2023
Тіл мен тарих-елдігімнің ажырамас бөлігі
 Мектебімізде "Жаңа Қазақстан:тіл және тарих" атты қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәндері бірлестігінің айлығы аясында 9-11 сыныптар арасында "Тіл мен тарих-елдігімнің ажырамас бөлігі" атты шығарма жазу байқауы болып өтті. Байқауда оқушылар елдігіміздің,тіліміздің,тарихымыздың өз өмірлеріндегі маңызды орнын сөзбен орынды өре білген.Байқауға 18 оқушы қатысып, ойымен,сөз саптауымен,сауаттылығымен ерекшеленгендері жүлделі орындарға ие болды.
Алтын сақа
03
февраль
2023
Алтын сақа
03.02.2023 жылы Айшабибі орта мектебінде 3-4 сыныптар арасында мектепішілік "Алтын сақа" математикалық олимпиадасы өтті. "Алтын сақа" олимпиаданың мақсаты: математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервін қалыптастыру; жеңімпаздарды анықтап, ынталандыру. Олимпадаға 3-4 сыныптардан 30 білім алушы қатысып ,бақтарын сынап көрді.  
Оқуға құштар мектеп
03
февраль
2023
Оқуға құштар мектеп
Айшабибі орта мектебінің кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ақпан айының бірінші жұлдызында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында үшінші және төртінші сынып білім алушыларымен «1 шәкірт 20 әңгіме» атты тақырып шеңберінде іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Аталмыш іс-шара барысында ертегілер мен оқулықтар ішінен үзінділер алынып, құпия гүлдер арасынан өз нөмірлерін таңдап алып жауап қатып жатты. Оқ бойы оза шыққан білім алушылар бірден-ақ көзге түсті. Мәтінді нақышына келтіріп, мазмұнын
Жаңа Қазақстан: тіл және тарих
03
февраль
2023
Жаңа Қазақстан: тіл және тарих
2023 жылдың 1 ақпанында қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәні бірлестігінің "Жаңа Қазақстан: тіл және тарих" атты айлығының ашылуы болып өтті. Ұлт тарихы бейне үлкен ағаштың тереңде жатқан тамырындай тарам-тарам. Ағаштың әр бұтағындағы әрбір жапырақ терең тамырдан нәр алатыны секілді, әр мемлекеттің бүгінгі бағыты кешегі жүріп өткен жолымен байланысты. Іс-шара барысында басына алмағайып небір нәубет орнаса да,тарих тамырынан алыстамауға бекінген қазақ елінің өткені мен сол кезеңде жарыққа
Қыз бала – үйдің бояуы
01
февраль
2023
Қыз бала – үйдің бояуы
Халқымызда «Бір ұл тәрбиелесең бір әулетті тәрбиелегенің, бір қыз тәрбиелесең бір ұрпақты тәрбиелегенің» деген дана сөз бар. Әубәкір ақын «Қыз бала – үйдің бояуы» деген екен. Сол кісінің айтқанындай қыз әлемнің көркі, әрі ұрпақты көбейтуші. Қыз баланың тәрбиесін ұлттық болмыстың барлық іргетасымен астастыратын халықтық қағиданы бүгінгі таңда біз де қалтықсыз ұстануымыз қажет. Осыған орай мектебімізде 7-8 сынып қыз балалары арасында "Аялы алақан" аналар кеңесінің ұйымдастыруымен "Бүгінгі қазақ
Ондық бөлшек.Ондық бөлшектерді оқу және жазу,жай бөлшекке айналдыру
30
январь
2023
Ондық бөлшек.Ондық бөлшектерді оқу және жазу,жай бөлшекке айналдыру
“МАТЕМАТИКА & ИНФОРМАТИКА АЙЛЫҒЫ ” аясында математика пәнінен 26.01.2023жылы математика пәнінің мұғалімі Темиржанова Салтанат Қайратқызының жетекшілігімен 5”Ә”сынып оқушыларымен “Ондық бөлшек.Ондық бөлшектерді оқу және жазу,жай бөлшекке айналдыру”тақырыбында ашық сабақ болып өтті.Сабақтың мақсатына сай оқушылар тақырып аясында берілген есептерді шығара алды,яғни теорияда алған білімін практикада қолдана алды.Сабақ өте жақсы өтті,оқушылар сабаққа белсене ат салысты,сабақта “Ашық хат”,”Миға
Компьютерлік сауаттылық
27
январь
2023
Компьютерлік сауаттылық
Бүгін біздің мектебімізде «МАТЕМАТИКА & ИНФОРМАТИКА АЙЛЫҒЫ» аясында Цифрлық сауаттылық пәнінен 3-4 сыныптар арасында «Компьютерлік сауаттылық» мәтін теру жарысы өтті. Жарыстың басты мақсаты белгіленген уақытта берілген мәтінді тез әрі сауатты жазу. Жарыста білім алушылар ми жұмысын жақсартатын жеңіл жаттығулар, қол саусақтарына арналған жаттығулар, көзге арналған пайдалы жаттығулар жасады және бастысы мәтіндерді сауатты теріп жазды. Ұйымдастырушы:информатика пәні мұғалімдері Г.Отаева,
Жасөспірімдердің құқық бұзушылықтың алдын алу
26
январь
2023
Жасөспірімдердің құқық бұзушылықтың алдын алу
26 - қаңтар күні Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айшабибі орта мектебінде онлайн вебинар өтілді.Өскелең жас ұрпақты қоғамның заңдары мен нормаларын бұлжытпай орындау және Ата Заңымызды сыйлау рухында тәрбиелеу, жасөспірімдер арасында тәртіп бұзушылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектепте құқықтық жалпы оқу мектебі және құқықтық кеңес жұмыс жасайды.      Құқықтық  тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан  басталады. Бүгінгі  қоғамды  дамыту  үшін  әрқайсысымыз   құқықтық
Оқуға құштар мектеп
25
январь
2023
Оқуға құштар мектеп
Айшабибі орта мектебінде өтіп жатқан"Оқуға құштар мектеп"жобасына 6А сынып оқушысы—Әділ Адина, мен де, қатыстым.Мен Бауыржан Момышұлының"Ұшқан ұя"кітабын оқып, халқымыздың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, тәлім-тәрбиесі жайлы көп мәлімет алдым. Ең бастысы"Баланың басты ұстазы —ата-анасы"екенін, ата-ананың берген тәрбиесін ешбір мектеп, ешбір білім ордасы бере алмайтындығын түсіндім. ​https://www.instagram.com/reel/Cn1WvwvDw40/?utm_source=ig_web_copy_link​​​ 
Оқушы агенттер
22
январь
2023
Оқушы агенттер
🔰 Мектебіміздің 5 сынып оқушысы Қалман Айерке “Мейрам” балалар киностудиясында білім алып “Оқушы агенттер” атты YouTube фильміне түсті. Тараз қаласында кино-презентациясы болды. Презентацияда Айерке кино барысында ерекше образын жоғары дәрежеде алып шығып, өзін белсенді көрсеткені үшін алғыс хатпен марапатталды. “Мейрам” балалар кино-студиясында білім алу барысында “Актерлік шеберлік”, “Сахна тілі” және “Сахна мәдениеті” сабақтарын өте жоғары деңгейде аяқтағанын растап сертификат берілді. 🔰