Хабарландыру! » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Хабарландыру!
15
август
2024

Хабарландыру!

Құрметті ата -аналар! 
    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы  N 64 қаулыны басшылыққа ала отырып, мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына:
1) мемлекеттік атаулы көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2) мемлекеттік атаулы көмек алмайтын, жан басына  шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
3) отбасыларда тұратын жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
5)білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына тегін ыстық тамаққа құжаттар 14.08-20.08.2024 жыл мерзімінде құжаттар қабылданады.
Аталған санаттар бойынша төмендегідей құжаттар жинақталады.
1) атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар үшін:
* Атаулы әлеуметтік көмек алатындығы туралы анықтама (2 дана)
* Ата-анасының төлқұжаты көшірмесі
* Білім алушының туу туралы куәлігі көшірмесі 
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі  күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасыларға:
* Жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің кіріс көздерін анықтайтын анықтамалар(соңғы 3 айлық жалақы көрсеткіші, жәрдем ақылар, жұмыссыздықты анықтайтын анықтама)
* Ауылдық округ әкімшілігі тарапынан берілетін тұрмыстық жағдайын зерделеу АКТ (2 дана)
* Ата-анасының төлқұжат көшірмесі 
* Білім алушының туу туралы куәлік көшірмесі 
3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға:
* Заңды өкіліне берілген қорғаншы, қамқоршылық тағайындалған қаулының көшірмесі(2 дана)
* Қамқоршы ата-ананың төлқұжат көшірмесі
* білім алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі.
Көк файл 2 дана
Айшабиі  орта мектебі әкімшілігі
 Әлеуметтік педагог Кодекова Асель Ганиевна