Попечительский совет есебі
Айшабибі орта мектебі жаңындағы қамқоршылық
кеңес отырысының
ХАТТАМАСЫ №1
Өтілген күн : 01.10.2019жыл
Өткізілген жері: Айшабибі орта мектбі
Қатысқан кеңес мүшелері:
- Сматов Нұрсұлтан Бегалыұлы – кеңес төрағасы
2. Мусатаев Раимбек Жапарұлы – кеңес мүшесі
3. Шамбаев Қасен Шекпенбаевич - кеңес мүшесі
4. Cексенбаев Ержан Ибадилдаевич – кеңес мүшесі
5. Әмірханов Әділхан Қайратұлы – кеңес мүшесі
6. Қабашева Бегай – кеңес мүшесі
- Шарипова Гүлзахира – кеңес мүшесі
- Асанбеков Талғат Жапарұлы – кеңес мүшесі
- Чиналиева Балайым Жолшыбайқызы
- Асимбекова Жанна Абдихамиловна
- Көпжасаров Шаймердин Мұхамеджанұлы
Барлығы : 11 адам кеңес мүшесі, мектеп әкімшілігінен 3 адам.
Жиналыс төрағасы: Сматов Нұрсұлтан Бегалыұлы
Жиналыс хатшысы: Чиналиева Балайым Жолшыбайқызы
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
- Алғы сөз. Мектеп директоры Шертаева Б.
- Мектеп инспекторының есебі. Сексенбаев Ержан
- Ата – аналармен тренинг. Мектеп психологы Мусатаева Р.
- Әлеуметтік педагогтың ыстық тамақ туралы анықтамасы
Тыңдалды:
Мектеп директоры Б.Шертаева сөйледі:
Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша мектеп директоры Б.Шертаева жиналысты ашық деп жариялап күн тәртібімен таныстырып өтті. Онда бірінші сұрақ бойынша сөз алып, жиналысқа қатысушыларды Айшабибі орта мектебінде 2019-2020 оқу жылында 1-11 сынып аралағында 55 сынып комплект бар. Бұл 1127 оқушыдан тұрады. Ал, даярлықта 3 сынып комплектісі 66 оқушыдан құралды. Биылғы оқу жылында, І ауысымның сабағы таңғы 8.00 де басталып, соңғы 7 сабақ 13.15те с аяқталады. ІІ ауысымның сабағы 14.00 де басталып, соңғы 7 сабақ 19.15 те аяқталады. І ауысымдағы Саяжайдан қатынып оқитын бастауыш сынып оқушыларының және Әулиекөл елді мекенінен қатынып оқитын оқушылардың ата-аналарынан өтініш қабылданып, әкімшілік тарапынан арнайы тасымалдауға көлік бөлінді. Жүргізушілердің құжаттары бәрі дұрыс, медициналық тексеруден өткен. Көліктері техникалық байқаудан өткен. Медициналық қораппен қаматамасыз етілген. Келесі мәселе бойынша, мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды, кез келген діни атрибуткаларды(орамал, хиджап, паранжа, кимешек, никаб,т.б) киюге тыйым салынады.
Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтамау ата-аналар тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзу болып саналатындығымен толық хатта таныстырды. Сондай-ақ мектеп формасына спорттық киім элементтерін қосуға да болмайтынын айтып өтті.
Мектебімізде ата дәстүрді, ұлттық өнерді насихаттап, оқушыларды халқымыздың ұлттық аспабы домбыраны шертуге үйрету мақсатында ақысыз домбыра үйірмесі сонымен қатар салауатты өмір сүру салтын сақтау мақсатында ақысыз шахмат үйірмесі ашылды. Оқушылар өздері қалаған үйірмеге қатысуларына болады.
Мектебімізде 1 сынып оқушылары және әлеуметтік жағдай төмен 82 оқушы тегін тамақтанады.
Келесі мәселе бойынша Жамбыл ИПҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Сексенбаев Ержан Ибадилдаевич сөз алды. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің №1098 бұйрығына сәйкес бекітілген мектептерде әкімшілік аумақта жасөспірімдердің құқығын қорғау сол сияқты мектептерде жоспарға сай заң аясында профилактикалық түсіндірме жұмыстары, бейне роликтер қылмыстың алдын алу бойынша мектеп әкімшілігімен бірлесіп, өткізетіндігін айтты есебі тыңдалды.
Білім алушыларға мектеп ережесі ҚР ҚК-нің 104, 106, 107, 108, 109, 110, 187, 188, 293, 294 баптары, ҚР ӘҚБТК–нің 440, 441, 127,435, 442, 409 баптарымен таныстырылды. ҚР ІІМ бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысты іс-қимыл жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған бағдарлама бойынша мектептерде профилактикалық жұмыстар мен кездесулер өтілгендігі туралы айтылды. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектептерде бірнеше іс шаралар жүргізілгнгің айтып, «Мен және менің полицейім», «Қауіпсіз жол», «Жасөспірім», «Зорлық зомбылықтың алдын алу», «Аумақ», «Нөлдік төзімділік», «Борышкер», құқықтық іс–шаралары бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілгенің айтты. Жасөспірімдер арасында қылмысты азайту мен алдын алу мақсатында түнгі рейдтік жұмыс жүргізу барысында сағат 23:00-ден кейін ата-анасының қараусыз жүрген түнгі мезгілде жүруге болмайтыны туралы түсіндірме жұмыстары және лекциялары оқылатындығы айтылды.
Мектеп психологы Мусатаева Рабиға «Өрмекші торы» атты тренинг өткізіп және «Түрлі ағаштардың» суретін салу арқылы ата – аналардың мінез – құлқын анықтады.
Келесі мәселе бойынша әлеуметтік педагог Кодекова Әсел 2019 – 2020 оқу жылының бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылатын 82 оқушы және Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімнің 27 тамыз 2018 жылғы № 304 бұйрығына сәйкес бірінші сынып 106 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылатынына тоқталып кетті. Жалпы Айшабибі орта мектебінде 1127 оқушы бар. Оның 509 оқушы көп балалы 49 оқушы жартылай жетім отбасынан шыққан , толық емес отбасынан шыққан 20 оқушы, әлеуметтік жағдайы төмен 82 оқушы, 3 бала патранаттық тәрбиеде, 2 бала қамқоршылық тәрбиеде, өгей – әке шешімен тұратын 21 оқушы, өгей әкемен тұратын 7 оқушы, өгей шешемен тұратын 14 оқушы екенін айтылып кетті.
Отырыс шешімі
- Мектеп инспекторының әкімшілікпен бірлескен жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.