Қазақстандағы код сағаты - 2022
Айшабибі орта мектебінде 5-11 желтоқсан аралығында «Халықаралық ғылымдар апталығы» аясында «Қазақстандағы код сағаты - 2022» акциясы өткізілді. Аталған іс-шарада оқушылар белсенділік танытып, апталыққа жақсы қатысты. 3-4 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. 5-11 сыныптар «Кодтау сағаты – 2022» акциясына қатысып, сертификаттар алды және грамотамен марапатталды. Ең үздік қатысқан сыныптар: 11 Б, 7 А, 10 А, 8 А, 8 Г, 8 Б, 8 Ә. Ұйымдастырушы:информатика пәні мұғалімдері