Кітапханаға саяхат » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » Кітапханаға саяхат
28
октябрь
2022

Кітапханаға саяхат

Кiтап-бiлiм бұлағы, бiлiм-өмір шырағы деп дана халкымыз ежелден-ақ, кiтаптың пайдасы мен орасан зор қасиетiн түсiнген. Қазақи бет
болмысымыздың, мадениетiмiздiң, тарихымыздың, дінімізбен тiлiмiздiң түп тамыры осы кiтапта жатыр десек қателеспейміз. Болашақ буын бүгiнде кiтаптың электронды түрiнде тұтынып жүргенi де анық. Осы орайда ойыма мындай дүние сап ете түседi. Кiтапхана барлық кiтаптар әлемiнiң алтын сандығы iспеттi, ендеше қолмен ұстап, көзбен көру және иiсiн сезiну арқылы балалар алтын қорға толы мекендi келiп тамашалап көруі өз әлемдерінде ғажайып ғаламшарға сапар шеккенмен тең шығар сірә?! Ағымдағы жылдың казан айының оныншы жұлдызында Айшабибі орта мектебінің қабырғасында, мектеп табалдырығын ендi аттаған бүлдiршiндердiң "Кітапханаға саяхат" атты экскурциясы бастау алды. Бiлiмге ендi ғана қанат қаққан карлығаштарымызға кiтапхана ерекше көңiл кдомсыйлады. Олар мұнда кiтапхана ережесiмен танысыпта үлгердi. Жаңа форматтағы 30 бейне басылымдағы әдеби ертегiлермен танысып, мұқабасын аппақ алақандарымен қызыға сыйпап таңырқап, өзара мәз мейрам болысты. Балаларға базарлық айдарымен тұрған кiтап сөрелерiндегi ғажайыпқа толы ертегiлердi бала қиялымен, алыс армандарга жетелегендей кейiп танытты. Аталмыш саяхат барысында кiтап кеме, бiлiм теңiз атты ұранмен білім алушылар топтасып көзбен көрген, алған әсерлерімен белiстi. Нұрланган жүздерi қуаныштан құлпыра түсiп, естелiкке суретке түсiп, кимастықпен тарқасты. Сынып жетекшiлерiнiң және мектеп кітапхана қызметкерлерiнiң мұрындық болуымен бұл бастама жылма жыл жалғасын табуда. Құрметті кішкентай окырман сендердi қызыққа толы кiтапхана есiгi әрдайым құшақ жая күтедi! Тұрақты оқырман тiзiмiннен табылып, жеңiмпаз болуларына тiлектеспіз!!!



https://www.instagram.com/reel/CkQunHoDzpp/?igshid=YmMyMTA2M2Y=​​​