Оқушылар жетістіктері » Страница 5 » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тіл мен тарих-елдігімнің ажырамас бөлігі
07
февраль
2023
Тіл мен тарих-елдігімнің ажырамас бөлігі
Мектебімізде "Жаңа Қазақстан:тіл және тарих" атты қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәндері бірлестігінің айлығы аясында 9-11 сыныптар арасында "Тіл мен тарих-елдігімнің ажырамас бөлігі" атты шығарма жазу байқауы болып өтті.Байқауда оқушылар елдігіміздің,тіліміздің,тарихымыздың өз өмірлеріндегі маңызды орнын сөзбен орынды өре білген.Байқауға 18 оқушы қатысып, ойымен,сөз саптауымен,сауаттылығымен ерекшеленгендері жүлделі орындарға ие болды.  
Қазақстандағы код сағаты - 2022
12
декабрь
2022
Қазақстандағы код сағаты - 2022
Айшабибі орта мектебінде 5-11 желтоқсан аралығында «Халықаралық ғылымдар апталығы» аясында «Қазақстандағы код сағаты - 2022» акциясы өткізілді. Аталған іс-шарада оқушылар белсенділік танытып, апталыққа жақсы қатысты. 3-4 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. 5-11 сыныптар «Кодтау сағаты – 2022» акциясына қатысып, сертификаттар алды және грамотамен марапатталды. Ең үздік қатысқан сыныптар: 11 Б, 7 А, 10 А, 8 А, 8 Г, 8 Б, 8 Ә. Ұйымдастырушы:информатика пәні мұғалімдері
Жыл оқушысы-2022
08
декабрь
2022
Жыл оқушысы-2022
`Жыл оқушысы-2022` конкурсына мектебіміздің 9 сынып білім алушысы Жаулбаева Жансая қатысып, аудандық кезеңнен І орын, облыстық кезеңнен ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Отаева Гульнура Ергенбайқызы. Құттықтаймыз! https://www.instagram.com/reel/Cl5FcaYIyJG/?utm_source=ig_web_copy_link
Айшабибі FM
08
декабрь
2022
Айшабибі FM
https://www.instagram.com/reel/Cl5I6fjjRHO/?utm_source=ig_web_copy_link https://www.instagram.com/reel/Cl5I_emDJjj/?utm_source=ig_web_copy_link https://www.instagram.com/reel/Cl5JCRJDQfe/?utm_source=ig_web_copy_link ​​​
Жыл оқушысы-2022
08
декабрь
2022
Жыл оқушысы-2022
"Жыл оқушысы-2022” конкурсына мектебіміздің 6 сынып білім алушысы Шәріпбек Балнұр қатысып аудандық кезеңнен І орын, облыстық кезеңнен ІІ орын иеленді. Жетекшісі: Абдушукурова Айдана Абдимуратқызы. Құттықтаймыз! ​ https://www.instagram.com/reel/Cl45vAVqDIK/?utm_source=ig_web_copy_link ​​​
АЙШАБИБІ FM
26
ноябрь
2022
АЙШАБИБІ FM
Мектебімізде “Самғау” өзін-өзі басқару ұйымының фракция жетекшілер тағайындау, “АЙШАБИБІ FM” мектеп радиосының тілшілеріне арнайы куәлік тапсыру рәсімі өтті. Сондай-ақ, “Берекелі күз” жәрмеңкесінде белсенді қатысқан сыныптар мен мектепішілік “Үздік сынып” байқауының жеңімпаздары марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. ​https://www.instagram.com/reel/ClaPLsYj4BL/?utm_source=ig_web_copy_link​​​ 
Жүзден жүйрiк
11
октябрь
2022
Жүзден жүйрiк
2022 жылдың 11 қазаны күнi Жамбыл ауданы "Жастар ресурстық орталығы" мен Жамбыл ауданы бiлiм бөлiмi Балалар жылына орай ұйымдастырған "Жүзден жүйрiк" интеллектуалды ойынына мектебiмiздiң 11"А" сынып окушылары Рахымбай Абибулла мен Төлентай Айша үш кезеңнен тұратын түрлі бағыттағы сұрақтар мен кино үзiндiлерi, ұлы тұлғалардың дауыстарын табу сияқты сан қилы сынақтарға қатысып, өздерiндей он мектептен келген окушылармен бақ сынасты.Нәтижесiнде "Алгыс хатпен" марапатталды.Екі оқушымыз да
Байқау
29
сентябрь
2022
Байқау
Республикалық балалар кітап оқу байкауының аудандык кезенi өткiзiлдi. Мектебiмiзден 2 оқушы қатысып, Шәріпбек Балнұр жүлделі 1 орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Жамалбек Мерей алғыс хатпен марапатталды. Бұл байқаудың мақсаты - балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушыларының шығармаларын терең зерттеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгiштiк сезiмдi қалыптастыру.
Мысалмен айтқан көп ойлар
08
сентябрь
2022
Мысалмен айтқан көп ойлар
Tiлдер күні мерекесi мен ұлт ұстазы "Мысалмен айтқан көп ойлар" атты жас суретшілер байқауы өтті. Балғын суретшiлерiмiз ақынның мысалдарын оқи отырып,оны өздерiнiң ұшқыр ойымен суреттей алды.Байқау қорытындысы апталық соңында корытындыланып,марапатталады.