Кәмелетке толмағандардың арасында электронды сигареттерді және зиянды заттарды тұтынудың алдын алу » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кәмелетке толмағандардың арасында электронды сигареттерді және зиянды заттарды тұтынудың алдын алу
07
декабрь
2021

Кәмелетке толмағандардың арасында электронды сигареттерді және зиянды заттарды тұтынудың алдын алу

7-11 сыныптар арасында «Электронды   темекінің зияны қандай?» тақырыбында   слайд  және тәрбие сағаттары өтілді.  

Электронды темекі дегеніміз – ішіне сұйық ерітінді құйылған, ауыстылылатын картриджі бар және никотин жеткізетін электрондық жүйеге (НЖЭЖ) жататын құрал болып табылады. Оның буында адам денсаулығына зиянды химиялық заттар бар. Олар: формальдегид, ацетальдегид, карбол қосындысы, ауыр металлдар (қалайы, мыс, хром, никель).

Электронды темекі не үшін қауіпті?1. Электронды шылымның құрамындағы никотин тез сіңіп, 8 секундтың ішінде миға тарайды;
2. Никотин қантамырлардың тарылуына ықпал ететіндіктен барлық ағзаларды қанмен қамтамасыз ету нашарлап, бірінші кезекте жүрек-қантамыр ауруларының (инсульт, инфаркт) дамуына әкеліп соғады;
3. Жүкті әйелдің ағзасындағы никотин түсік тастау мен ерте босану қаупін арттырып, ұрыққа ауа жетіспеуіне әкеп соғады;
4. Никотин жасушалардың өзгеруін тудырады және келесі ұрпақтарда бұл өзгерістер көбейе береді;
5. Электронды темекінің құрамындағы химиялық заттар қауіпті ісік ауруына шалдықтыруы мүмкін;
6. Электронды темекінің түтінінде улы заттар болғандықтан, адамдарға әсіресе балаларға қауіпті;
7. Электронды темекіні шеккендегі психологиялық тәуелділіктің даму қаупі басқа темекі өнімдерін тұтынғанмен бірдей.