Сыйлыққа кітап » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
ноябрь
2022

Сыйлыққа кітап

ҚР Президентінің «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Сыйлыққа кітап» акциясы киелі мекен Айшабибі орта мектебінде де өз жалғасын тапты. Мектепшілік акция ауқымы да кең, заманауи үлгідегі түрлі-түсті мерекелік кеш қарашаның он төртінші жұлдызында, кітапхана төрінде орын алды. Аталмыш кешке кіші қызметкерлерден бастап білім алушылар және сынып жетекшілерде өз үлесін қосып кітапхана қорын молайтуға ат салысты. Бірлігі бекем білім алушылардың ұшқыр ойларының жемісті нәтижиесі акция барысында ерекшеленіп тұрды. Кітапханшылардың мұрындық болуымен өткен іс-шара қызықты өткендігі көрермен көзінен ақ көрініп тұрғандай. Алтын қордың молаюына үлес қосқан оқырман түрлі дәрежедегі жүлделі орындарға ие болды. Бабы мен бағы қатар шапқан, әрбір қатысушыларды бір-бірінен бөліп қарау әділқазылар үшін қиынға түсті. Кезекті жеңімпаздарды анықтау және марапаттау жұма жаңалығының еншісінде қалды. Ой саралап, дәйекті дәрежедегі орын иегерлерін салтанатты түрде құттықтау да үлкен көлемде жүзеге асырылмақ. Табысты да, жемісті күндеріміз көп болсын!!!

https://www.instagram.com/reel/Ck-RxsCjGfn/?utm_source=ig_web_copy_link​​​