ТВ-Видео » Страница 11 » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Менің Отаным-Қазақстан
19
октябрь
2022
Менің Отаным-Қазақстан
Айшабибі орта мектебiнiң 11-Б сыныбында « Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты өттi. Сабақтың мақсаты жас ұрпақты Отанын сүюге, елiмiздiң рәмiздерiн қастерлеуге, бай-қуатты ел екендiгiн мақтан етуге үйретiп, туған еліне, жерiне деген сүйiспеншiлiгiн арттырып, патриоттық Сезiмiн ояту. Отан... Бұл сөз - әр адамның жанына жақын, жүрегiне жылы тиер сөз. Осы сөздің астарында қанша мағына жатыр десеңізші?! Мен туған және өскен жерi бiртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын.
Берекелі жәрмеңке
19
октябрь
2022
Берекелі жәрмеңке
Айшабибі орта мектебiнде 2022 жылдың 14 қазан күнi "Берекелi жәрмеңке" атты iс-шара өтiлдi. Жәрмеңкенiң мақсаты:"Берекелi жәрменке" мерекесіне ұйымшылдықпен катыса отырып, күз-байлық, күз береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенiн оқушы санасына жеткiзу. Күздiң мол жемiсiнен жәрмеңке ұйымдастыру арқылы өздерiне ерік бере отырып, ауызбiршiлiкке, ынтымақтастыққа баулу. Адамгершiлiк-этикалық тәрбие ала отырып, экономикалық бiлiмдерiн кеңейте түсу.
Жыр-шұғыла
13
октябрь
2022
Жыр-шұғыла
"Жыр-шұғыла" атты әдеби жиынның кезекті саны өтті.З"Ә" сыныбына "Қаз дауысты Казыбек би" тақырыбы берiлiп,бiлiм алушылар өз өнерлерiн керсеттi. Бастамасында Қосмахамбет Ақмаржан Қазыбек бидiң өмiрiне тоқталып, А.Құнанбаевтың "Күз" өлеңін мәнерлеп оқыды. Қазыбек бидің шешендiк сездерiн оқыған ұлдардан кейiн,керiнiс койылды. Соңында "Тәуелсiз қазақтың қызымын" атты патриоттық әнiмен аяқталды.Бұл жиынның мақсаты орындалып,бiлiм алушылар мәнерлеп оқу әртiстiк, ән айту өнерлерiн ашып, рухани азық
Мектепке саяхат
13
октябрь
2022
Мектепке саяхат
Мектеп табалдырығын жаңа аттаған 1-сынып оқушыларына мектептi таныстыру мақсатында "Мектепке саяхат" іс-шарасы ұйымдастырылды. Мектепте көптеген бөлмелер, бұрыштар бар. Олар - сынып кабинеттерi, асхана, кiтапхана, дәрiгер бөлмесi, мұғалiмдер бөлмесі, «Балалық шақ», «BOOKCROSSING» бұрыштары. Жоспар бойынша әр сыныптың өз топ жетекшiлерi берiлген бағыт бойынша таныстырып отырды. Бұл саяхат оқушыларды мектеп өмiрiмен жақынырақ танысуға мүмкiндiк бердi.
Парасатты отбасы
12
октябрь
2022
Парасатты отбасы
"Парасатты отбасы" байқауының "Интеллектуалды отбасы" номинация иегері Көпжасаровтар отбасы
Ұстаз - халық анасы
07
октябрь
2022
Ұстаз - халық анасы
Мектебiмiздiң бастауыш сыныптары арасында "Ұстаз-халық анасы" тақырыбында 3"А" сыныбының ұйымдастыруымен "Жыр-шұғыла" әдеби жиыны болып етті. Жиында ұлы тұлғалардың ұстаз жайлы жазылған жырлары мәнерлеп оқылып, "Ұстазым" әні жалғасын тапты. Әдеби жиынның мақсаты-ақындардың өмiрi мен шығармашылығын таныту, өлеңдерiн мәнерлеп оқуға дағдыландыру, олардың өлеңге деген ынтасын, керкем сөз оқу шеберлiгiн арттыру болып табылады.
Қариясы бар ел- казынасы бар ел!
06
октябрь
2022
Қариясы бар ел- казынасы бар ел!
Айшабибі орта мектебінің "Жас Ұлан ", "Самғау" өзін-өзі басқару ұйымының белсенді мүшелері 4-қазан күні "Қариясы бар ел- казынасы бар ел!" атты қарттар мерекесіне орай Ұлы Отан соғысының ардагері Шамбаев Қасен атаны құттықтап қайтты. Белсенділеріміз Қасен атаға алғысын бiлдiрдi. Ел мүддесін бәрінен биік қоятын қарттарымызды құрметтеп, сыйлауды әрдайым дәріптеу.
Жаратылыстану ғылымдары-дәстүрлі ғылымдардың тоғысуынан пайда болған ғылымдар жуйесi
04
октябрь
2022
Жаратылыстану ғылымдары-дәстүрлі ғылымдардың тоғысуынан пайда болған
3.10 күнi Жамбыл ауданы Айшабибі орта мектебiнде жаратылыстану пәндерi бойынша "Жаратылыстану ғылымдары-дәстүрлі ғылымдардың тоғысуынан пайда болған ғылымдар жуйесi" атты айлықтың ашылу салтанаты болды. Жас ғалымдардың жургiзуi бойынша әр пәнге жеке-жеке тоқталып, ғылымға турлi тәжiрибелер жасалынылып, окушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттыра түсті. Салтанатты ашылу рәсімін қорытындылай келе, айлықтың өз деңгейінде керемет етуіне барлық оқушылардың атсалысуын жіті назарға алынады.