11
июнь
2021
"Жұлдыз" жазғы сауықтыру лагері
"Жұлдыз" жазғы сауықтыру лагері өз мәресіне жетіп, оқушыларымен қимай қоштасты. Оқушыларға "топ саяхат" өте қызықты ұйымдастырылды. Одан кейін балаларды топ-топқа бөліп, эстафеталық ойындар ойнатты. Ойын – балалардың негізгі іс – әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, мінез – құлқын, ерік – жігерін қалыптастырады. Бүгінгі ойнатылған ойындар тек балалардың көңіл-күйін ғана көтеріп қоймай, көңіл көкжиегінде кеңейтті. Ойыннан соң бүлдіршіндер жарыса тақпақ, өлең айтып, билеп те берді.