Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
Жамбыл АПБ КҚҚТ аға инспекторы полиция аға лейтенаты М.Н.Кәдірбайұлы
Аумақтық Жамбыл АПБ-ның ЖПҚБ ЮПТ аға УПИ полиция майоры Н.А.Қулшымбаев
Директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары А.С.Тулебекова
Мектеп оқушылары 7-8 сыныптар
Мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.
Тыңдалды: Жамбыл АПБ КҚҚТ аға инспекторы полиция аға лейтенаты М.Н.Кәдірбайұлы өз сөзінде Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатдағы ережелермен таныстырылды. Сондай-ақ 442,127 баптар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жалпы оқушылардың сабақтан себепсіз қалмау керектігі туралы айтып өтті.Аумақтық Жамбыл АПБ-ның ЖПҚБ ЮПТ аға УПИ полиция майоры Н.А.Қулшымбаев өз сөзінде төмендегі мәселелерге тоқталып өтті.Қатаң тыйым салынады:
1.Мектептің күнделікті ережесін бұзуға /себепсіз сабаққа кешігу, келмей қалу/;
2.Мектепке сай формасын сақтамауға;
3.Мектеп ішінде бас және сырт киіммен жүруге;
4.Спирттік ішімдіктер, темекі, наша және насыбай қолдануға, сағыз шайнауға;
5.Кешкі-түнгі уақытта ата-ананың қарауынсыз қоғамдық орындарда, көшеде жүруге; (22-00-06-00)
6.Басқа оқушылардың денсаулығына зиян келтіретін әрекеттер жасауға;
7.Мектеп әкімшілігі оқушылардың бағалы заттардың жоғалуына жауап бермейді (ұялы телефон,құнды заттар, әшекей, ақша);
8.Компьютерлік клубтарға баруға;
Мектепке денсаулыққа зиянды, жанғыш, өткір, кескіш заттарды, газ баллондарын әкелуге;
9.Мектеп ішінде мектеп әкімшілігінің рұқсатынсыз фото-бейне түсірілім жасауға;
10.Сабақ үстінде, мәжіліс залда, дәлізде қатты сөйлеуге, жүгіруге, сабақтың өтуіне кедергі жасауға;
11.Мектептен сабақ уақытында мектеп ауласынан сыртқа шығуға;
12.Мектепке бағалы (10.000) он мың теңгеден жоғары ұялы телефон әкелуге. Егер байланыс үшін керек болса, ата-анасының директордың атына жазған жазбаша өтініші және телефон он мың теңгеден төмен болған жағдайда ғана рұқсат етіледі

