Аялы алақан » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
ноябрь
2022

Аялы алақан

Мектебімізде “Аялы алақан” аналар кеңесінің ұйымдастыруымен “Әйел-Ана, әйел-өмір, әйел-тіршілік өзегі” тақырыбында зейнеткер ұстаз, блогер, “Ару аналар” ұйымының және “Қазақ аналары-дәстүрге жол” қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ұлбосын Кемелғазықызымен кездесу сағаты болып өтті. Мақсаты: рухани құндылықтардың ұрпақтан-ұрпаққа ауысып сабақтасуы, ұлттық бірегейлікті сақтау жолында дәстүр мен ғұрпымызды, ұлттық киіміміз бен тілімізді жүйелі жаңғыртып, білім алушы қыз балаларға дұрыс тәрбие беру болып табылады. Кездесу жаңа форматтағы “Ана бақыты” бағдарламасы түрінде өткізілді. Алдымен қонағымыздың өмір жолы туралы бейнеролик көрсетіліп, “Өз сөзіммен” айдары аясында сұхбат алынды. Әр сала бойынша жасырылған ұяшықтардағы бейнесұрақтарға жауап берді. Жас өскелең ұрпаққа өз тәжірибесімен бөлісіп, ұлттық өнеріміз құрақ құрау тәсілдерін үйретті. “Сұрақтар жаңбыры” айдары аясында оқушылар сұрақтар қойып, жауаптар алды. Ұлбосын Кемелғазықызы мектеп ұжымына алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

https://www.instagram.com/reel/Ck0gukhDcTN/?utm_source=ig_web_copy_link​​​