«Педагогтерге аттестаттау жүргізу рәсімін жетілдіру» тапсырмасын іске асыру мақсатында 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі бұйрығының жобасына түсіндіру жұмыстары жүргізілді
2024 жылдың 11 наурыз күні Айшабибі орта мектебінің ұжымына «Педагогтерге аттестаттау жүргізу рәсімін жетілдіру» тапсырмасын іске асыру мақсатында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі бұйрығының жобасына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстарына жалпы ұжымның 70 пайызы қамтылды. Жоба бойынша мұғалімдер сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.