Айшабибі орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пән бірлестігінің "Функционалдық сауаттылық - білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары" тақырыбындағы айлығы » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Айшабибі орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пән бірлестігінің "Функционалдық сауаттылық - білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары" тақырыбындағы айлығы
05
февраль
2024

Айшабибі орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пән бірлестігінің "Функционалдық сауаттылық - білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары" тақырыбындағы айлығы

🔰2024 жылдың ақпан айының 05-29 жұлдызы аралығында Айшабибі орта мектебінің қазақ тілі және  әдебиеті пән бірлестігінің  "Функционалдық сауаттылық - білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары" тақырыбындағы айлығы өтеді. Таңертең қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері әуезді әннің ырғағымен ұстаздар мен білім алушыларды мақал-мәтелдер түрлері жазылған додокаэдрмен күтіп алып, мақал- мәтел айтқандарға мақал-мәтелдер жазылған кітапшалар сыйға тартты. 
🔰Айлықтың ашылу салтанатында жоспар таныстырылып,білім алушыларға "Бұл кім?" ойыны ойнатылды.
📌 Ойын барысында ақын-жазушылардың суреті көрсетіліп, оның кім екенін тауып, қандай туындылары бар екенін айту тапсырылды.Дұрыс жауабын тапқан оқушыларға сыйлықтар берілді. 
📌Соңында пән мұғалімдері бір-бір ауыз жырдан шашу шашып,оқушыларды айлық барысында өтетін іс-шараларға белсенділік танытуға шақырды