Жалпы білім беретін мекеме туралы ақпарат

Шертаева Бахыт Рахимжановна
Айшабибі орта мектебінің директоры
Айшабибі орта мектебі 1971 жылы «Головочевка» орта мектебі ретінде ашылған. 1992 жылдан бастап «Айшабибі орта мектебі» аталып, жалпы орта білім беретін мекеме ретінде жұмысын жалғастырды. Алғашқы күннен бастап-ақ, оқу-тәрбие үрдісіне оқушының дарындылық қабілетін дамытуды қолға алып, нәтижелі жұмыс жасауда.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданы білім бөлімі Айшабибі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 3 қабаттан тұратын типтік мектеп. Жобалық сыйымдылығы 640 оқушыға арналған.
Мектепте сапалы білім алуға барлық мүмкіндіктер жасалған. 21 оқу кабинеттері бар, олардың барлығы эстетикалық және санитарлық-гигиеналық сұранысқа сай. Оқушылардың пән бойынша терең және жан-жақты білім алу үшін кітапхана, 15 оқушыға арналған оқу залы бар, 1 көркем еңбек пәніне арналған қыздар шеберханасы, 1 алғашқы әскери және технологиялық дайындық, 1 компьютермен жабдықталған информатика кабинеті және спорт зал бар. Мектеп асханасы 40 балаға сапалы тамақтануды ұйымдастыру үшін толық жабдықталған. Заманауи жабдықтау мен безендіру арқылы мектеп қабырғасында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруына жағдай жасалған. Арнайы жасақталған бұрыштарда білім алушылардың бейіні мен қызығушылығына сай сабақтан тыс үйірме жұмыстары нәтижелі жұмысын жүргізуде.