16
сентябрь
2022
Менің отбасым
Айшабибі орта мектебiнде отбасы күнiне орай 7-10 сыныптар арасында "Менiң отбасым" атты шығарма жазу байқауы өтті. Шығармалар тексерiлiп, iрiктелiп, байқау қорытындысы шығарылды. Үздiк шығарма жазған ойы ұшқыр, сөзге шешен, сауатты оқушылар марапатталды. Оқушылардан шығарма алудағы басты мақсат: отбасы туралы түсiнiктерiн кеңейтіп және отбасындағы сүйіспеншілік пен сыйластық ұғымын бекіту. Адам баласы өмiрдi отбасы арқылы тани бастайды, яғни ең маңызды базалық танымды отбасынан алады. Ата-анасы, бауырлары баланың өмiрiнде үлкен рөл аткарады."Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі," - деп бекер айтылмаса керек. Отбасы - баланын эмоционалды, рухани құндылықтарды бойына сiңiретiн ортасы. Ата-анасы балаға тәлiм-тәрбие бередi, жақсы мен жаманды, адамдармен қарым-қатынас жасауды үйретедi. Басқа сөзбен айтқанда, отбасы - үлкен өмiрге дайындайтын мектеп.






