ТОҚЫМА ӨНЕРІНІҢ ҮЗДІГІ - ЖАНАР ҰСТАЗ! » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТОҚЫМА ӨНЕРІНІҢ ҮЗДІГІ - ЖАНАР ҰСТАЗ!
26
ноябрь
2025

ТОҚЫМА ӨНЕРІНІҢ ҮЗДІГІ - ЖАНАР ҰСТАЗ!

ТОҚЫМА ӨНЕРІНІҢ ҮЗДІГІ - ЖАНАР ҰСТАЗ!

🔸️Шығармашылықтың шексіз әлемінде ізденіс пен еңбектің өзіндік үні бар. Айшабибі орта мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі Жанар Аширбаева осы еңбектің лайықты бағасын алып, облыстық «Үздік шығармашылық жұмыс» байқауының «Тоқыма сәндік жұмыстар» номинациясында жүлделі ІІ орынды иеленді.

🔸️Тоқыма өнері – нәзіктік пен төзімділікті, қолдың жылуы мен жүректің шынайылығын талап ететін ерекше сала. Жанар апайдың еңбектерінен ұлттық нақыш, талғам мен шығармашылықтың үйлесімі айқын сезіледі.

🔸️Бұл марапат – тек жеке жеңіс емес, ұстаздың еңбексүйгіштігінің, шәкірттеріне үлгі боларлық талпынысының және өнерге деген шынайы құрметінің нәтижесі.

🔸️Құттықтаймыз!
Жетістіктеріңіз көбейіп, шабыт жолыңыз әрдайым жарқын болсын!