Айшабибі орта мектебінде, 2023 жылдың 5 жұлдызында, кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектепішілік байқау болды » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Айшабибі орта мектебінде, 2023 жылдың 5 жұлдызында, кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектепішілік байқау болды
05
декабрь
2023

Айшабибі орта мектебінде, 2023 жылдың 5 жұлдызында, кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектепішілік байқау болды

Айшабибі орта мектебінде, 2023 жылдың 5 жұлдызында, кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, Қазақ ақыны, драматург, сатирик, журналист, аудармашы және қоғам  қайраткері, Қазақстан жазушылар одағының тұңғыш төрағасы- Ілияс Жансүгіровке – 130 жыл мерейтойына орай арналған «Талаптың мініп тұлпарын, кітап оқы ұрпағым» атты мектепішілік байқау өткізілді.Байқауға 7-8 сынып оқушылары арасынан 11 оқушы қатысты. Байқау төмендегі көрсетілгендей 4 кезеңнен тұрды

1 Кезең- «Менің сүйікті кітабым» бейнеролик немесе презентация.2 Кезең – Ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту.  3 Кезең – «Жасырын сөз»  жасырынған ақынның өлеңдерін құрастыру.4 Кезең – «Ізден , талаптан, оқырман!» суретке қарап кітаптың атауы мен авторын табу.   Іс-шара барысында  оқушылар І.Жансүгіровтың өмірбаяны мен шығармашылығымен танысып, өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып шықты. 1 кезең бойынша өздерінің сүйікті кітаптарын бейнеролик арқылы таныстырды. «Жасырын сөз» кезеңі бойынша ақынның өлеңдерін құрастырып, білімдерін ортаға салды және кітапханадағы көркем әдебиеттердің атауы мен авторын табуда белсенді қатысты. Оқушылар 4 кезеңге де жақсы дайындықпен атсалысты. Нәтижесінде байқауға қатысқан оқырмандарға іс-шара соңында, әділ-қазылардың қорытынды бағасы бойынша марапатталып, сыйлықтар берілді. Бас жүлде 7 «А» сынып оқушысы Амантай Айымжанға берілді.

https://www.instagram.com/reel/C0tpIvLMqfp/?igsh=MTdiYnh5NHV4Mzcwdw==