2023 жылдың 27 қарашасында қазақтың алғашқы ұстазы,дала қоңырауы Ыбырай Алтынсариннің 182 жылдығына орай 5-8 сынып білім алушылары арасында "Кел,балалар, оқылық" атты оқырмандар конференциясы өтті. » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023 жылдың 27 қарашасында қазақтың алғашқы ұстазы,дала қоңырауы Ыбырай Алтынсариннің 182 жылдығына орай 5-8 сынып білім алушылары арасында "Кел,балалар, оқылық" атты оқырмандар конференциясы өтті.
27
ноябрь
2023

2023 жылдың 27 қарашасында қазақтың алғашқы ұстазы,дала қоңырауы Ыбырай Алтынсариннің 182 жылдығына орай 5-8 сынып білім алушылары арасында "Кел,балалар, оқылық" атты оқырмандар конференциясы өтті.

Мақсаты:оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту.
Міндеті:
-оқушылардың тіл байлығын,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
-өз бойына жақсы оқырман тәжірибесін жинақтауға ынталандыру;
-өз пікірлерін айтуға дағдыландыру,ойлау,жүйелі салыстыру қабілеттерін жетілдіру:
-көркем шығарманың тәрбиелік мәнін жеке өмірінде қолдануға бағыт беру.
Конференцияда қызығушылықты ояту мақсатында "Бүгінгі конференциядан не күтесіздер?" деп басталса, мағынаны тануда Ыбырайдың әңгімелері бөлініп берілді."Оқырман күнделігі" әдісі бойынша сұрақтарға жауап берді.Ой толғаныс сәтінде балалар эссе жазып,алған әсерлерін жазып, ой бөлісті.
Қорыта келе,"Кітап бізді неге үйретеді?" деген сұрақ төңірегінде өз ойларын айтып,көркем шығармаларды оқуға деген құштарлықтары артқанымен қорытындылап,кері байланыс парақтарын ұсынды.
Конференцияны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Сабралиева мен мектеп кітапханашылары Г.Үсембекова мен Г.Сатыбалдиева ұйымдастырды.