Айшабибі орта мектебінің 11-сынып оқушыларының ата-аналарымен қорытынды аттестаттау және ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Айшабибі орта мектебінің 11-сынып оқушыларының ата-аналарымен қорытынды аттестаттау және ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
16
октябрь
2023

Айшабибі орта мектебінің 11-сынып оқушыларының ата-аналарымен қорытынды аттестаттау және ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Айшабибі орта мектебінің 11-сынып оқушыларының ата-аналарымен қорытынды аттестаттау және ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С. Маманова
2024 жылғы ҰБТ-да тест сұрақтарының саны өзгергендігін, сондай-ақ бейіндік пәндерге жаңаша тапсырмалар қосылып, тестілеу уақыты қысқарғандығына тоқталды.
«Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарғандығын, бейіндік пәндердің сұрақтар саны артып, 40 тест тапсырмасынан тұратындығын хабарлады. Жалпы 120 сұрақ. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма. Жоғары балл – 140. Енді ҰБТ тапсыруға оқушыларға 3 сағат 30 минут (210 минут) бөлінеді. Биылғы тағы бір жаңалық шығармашылық бағыттарды таңдаған талапкерлерге қатысты, енді олар «Қазақстан тарихы» мен «Оқу сауаттылығы» пәндерімен қатар «Математикалық сауаттылықты» міндетті пән ретінде тапсырады. Қорытындылай келе мектеп директоры Б. Шертаева ата-аналарды толғандырған қосымша сұрақтарға жауап беріп, алдағы емтиханнан сәтті өтіп, грант иегері атануына тілектестігін білдірді.



https://www.instagram.com/p/CycmdR6Mg1g/?igsh=MWJ5dmxxdTVmODNkZw==