20
октябрь
2023
Айшабибі орта мектебінде ата-аналарға арналған "Ашық есік" күні өтті.
Айшабибі орта мектебінде бүгін ата-аналарға арналған "Ашық есік" күні өтті. "Ашық есік" күні ата-аналарды тіркеуден басталып, оқушылардың ғылыми-зерттеу көрмесіне жалғасты. Көрме тамашалап өткен ата-аналар балаларының сабақтарына қатысты. Сабақтан соң "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" бағдарламысына сай алғашқы сабақтар өтілді. Сонымен қатар, ата-аналар ашылған орталықпен танысып, жиын залындағы жалпы ата-аналар жиналысына өтті. Жиналысты мектеп директоры Бахыт Рахымжанқызы ашып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахат Пернебекқызы "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметімен таныстырды. Жиналыста ата-аналар алғашқы сабақтан алған әсерлерімен бөлісті. Үшінші бөлімде ситуациялық жағдаяттарды ата-аналар рөлмен сомдап көрсетті. Жамбыл аудандық білім бөлімінің бас маманы Үсіпбеков Нұрлан Талғатұлы өтілген сабақтарға қатысып, ата-аналарға алғысын білдірді.