«Ақбота» зияткерлік олимпиадасы » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » «Ақбота» зияткерлік олимпиадасы
20
January
2023

«Ақбота» зияткерлік олимпиадасы

📣📣📣📣📣. Дарынды мектеп оқушыларын анықтау, математикалық сауаттылығын арттыру және ғылым негіздері бойынша олардың білімдерін тереңдету мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК 2023 жылғы 4-7 ақпан аралығында жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін мектептерге арналған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасын өткізеді.

Олимпиадаға Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының 3-10 сынып оқушылары қатыса алады.
Олимпиадаға қатысу ерікті түрде жүзеге асады.
Конкурсқа қатысу үшін ниет білдірген оқушылар https://games.daryn.kz/ сайтында 2023 жылдың 18 қаңтарынан бастап тіркеуден өте алады. Көрсетілген сайтта тіркелу барысында әрбір қатысушы өзінің жеке электрондық поштасын ғана қолдануы қажет.
Оқушы олимпиадаға тіркелгеннен кейін төлем қатысушының жеке кабинетінде ғана жүргізіледі.
Олимпиаданың басталуы ағымдағы жылдың 4 ақпанда сағат 09:00-де басталып 2023 жылғы 7 ақпанда 23:59-да аяқталады. Қатысушылар олимпиада тапсырмаларын өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта, жоғарыда көрсетілген мерзім аралығында орындай алады.
Конкурс аяқталғаннан кейін қатысушылар жинаған ұпайлары мен алған орындарын 2023 жылдың 10 ақпанда https://games.daryn.kz/ сайтындағы жеке кабинеттеріне сағат 09:00-ден бастап кіру арқылы тексере алады.