Асханада сатуға тыйым салынған тағамдар тізімі » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Асханада сатуға тыйым салынған тағамдар тізімі
09
January
2020

Асханада сатуға тыйым салынған тағамдар тізімі

Мектеп асханалары мен буфеттері бірінші кезекте тағамдық және биологиялық құндылығы жоғары табиғи тамақ өнімдерімен қамтамасыз етілуі тиіс.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерімен мектептік тамақтануда:
  1. мыналарды: пастерленбеген сүтті; термиялық өңдеуден өтпеген сүзбені және қаймақты; суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін; ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін; тіл, жүрек, бауырды қоспағанда мал мен құстың қосымша ет өнімдерін; механикалық түрде еті сылынып алынған мал мен құс етін; құрамында коллагені бар құс етін; сойылған өнімді мал мен құстың қайта мұздатылған өнімдерін; генетикалық түрлендірілген шикізатты және (немесе) генетикалық түрлендірілген көздері бар шиізаттарды; йодталмаған тұзды және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты ұнды; банкалардың тұмшалануы бұзылған консервілерді, қақпағы көтерілген консервілерді, тот басқан, пішіні өзгерген, заттаңбасы жоқ банкаларды; ішкен тамақтың артық қалған бөлігін, сондай-ақ алдында дайындалған тамақты; саңырауқұлақты; өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде) тамақ өнімдерін; ащы тұздықтар, кетчуптарды, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша), сірке суын; табиғи кофені пайдалануға;
  2. мыналарды: қатық, сүзбе мен қышқыл сүт өнімдерін; туралған ет қосылған құймақтарды; флотша макаронды; зельцтерді, форшмактарды, сілікпелерді, паштеттерді; кремі бар кондитерлік бұйымдарды; морстар, квастарды; фритюрде қуырылған бұйымдарды; шала пісірілген жұмыртқаны, қуырылған жұмыртқаны; күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды, қаймақ пен Mayонез қосылған салаттарды; окрошканы; тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды мектеп асханасында дайындауға және сатуға;
  3. мыналарды: фаст-фудтарды - гамбургерлерді, ход-догтарды, чипсилерді, кептірілген нанды, қытырлақ нанды және тағы басқаларын; құрамына жасанды бояғыштар, консерванттар, хош иістендіргіштер, дәм күшейткіштер, тәттілендіргіштер кіретін тамақ өнімдерін (тәтті сусындар, сүт-шоколад батончиктері және печенье, шикі ысталған гастрономиялық ет бұйымдары, шұжықтар және басқалар) сатуға тыйым салынады.