“Жетістіктің тарихы” тақырыбында дәріс сабағы
“Ұлы дала өркениеттері” атты орта білім беру ұйымдары арасында өткізілетін байқауға Айшабибі орта мектебінде “Жетістіктің тарихы” тақырыбында дәріс сабағы өткізілді. Байқаудың мақсаты: жасөспірімдердің арасында ұрпақтар сабақтастығын, Қазақстан халқының мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, дәстүрді жаңғырту және дамыту мәселелеріне, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығына жанашыр болуға тарту.