17
September
2022
Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. « Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата-ананың орын бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Бүгiн бiз «Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына» тақырыбындағы сыныптық тәрбие сағатымызда Бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы, ортаға бейімделуі т.б. отбасылық құндылықтарға байланысты өзекті мәселелерді айта отырып өз ойымызды ортаға салдық. Отбасы құндылықтарын әркез құрметтейік, әр отбасында сүйіспеншілік, татулық, бiрлiк болсын! Осы құндылықтар күшейген сайын бiздiң Отанымыздың iргесi де берік болмақ.
9 «А» сынып
Сынып жетекшiсi: Гүлнұр Ергенбайкызы
9 «А» сынып
Сынып жетекшiсi: Гүлнұр Ергенбайкызы