Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 28 жыл
Мектебімізде мерекеге орай "Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Елдігіміз ғұмырлы" атты мерекелік концерт өтті. Аталған іс-шара "Шаңырақ" жобасы аясында өтіп, әр шаңырақтың өнерлері көрсетіліп, келген қонақтардың құттықтауымен ұласты. Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.