About school » Страница 30 » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Страница 30
Жыр шұғыла
20
October
2022
Жыр шұғыла
Айшабибі орта мектебiнде бастауыш сыныптар арасындағы "Жыр шұғыла" әдеби жиыны өтті.Балалар жиында қазақтың ұлы ұстазы, ақын Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын мәнерлеп оқып, "Шеше мен бала" әңгімесіне көрiнiс қойды. Оқушылар жиынға белсене қатыса отырып өздерінің бiлiмдерiн одан әрі толыктырды.
Best сынып
19
October
2022
Best сынып
Аудандық "Best сынып" байқауының жүлделі III орын иегері 10 "А" сыныбы.Сынып жетекшісі: Раймбекова Құралай Кеңсебайқызы
Best сынып
19
October
2022
Best сынып
Аудандық "Best сынып" байқауының 2 жүлделі орын иегері 10 А сыныбы.
Менің Отаным-Қазақстан
19
October
2022
Менің Отаным-Қазақстан
Айшабибі орта мектебiнiң 11-Б сыныбында « Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты өттi. Сабақтың мақсаты жас ұрпақты Отанын сүюге, елiмiздiң рәмiздерiн қастерлеуге, бай-қуатты ел екендiгiн мақтан етуге үйретiп, туған еліне, жерiне деген сүйiспеншiлiгiн арттырып, патриоттық Сезiмiн ояту. Отан... Бұл сөз - әр адамның жанына жақын, жүрегiне жылы тиер сөз. Осы сөздің астарында қанша мағына жатыр десеңізші?! Мен туған және өскен жерi бiртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын.
Берекелі жәрмеңке
19
October
2022
Берекелі жәрмеңке
Айшабибі орта мектебiнде 2022 жылдың 14 қазан күнi "Берекелi жәрмеңке" атты iс-шара өтiлдi. Жәрмеңкенiң мақсаты:"Берекелi жәрменке" мерекесіне ұйымшылдықпен катыса отырып, күз-байлық, күз береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенiн оқушы санасына жеткiзу. Күздiң мол жемiсiнен жәрмеңке ұйымдастыру арқылы өздерiне ерік бере отырып, ауызбiршiлiкке, ынтымақтастыққа баулу. Адамгершiлiк-этикалық тәрбие ала отырып, экономикалық бiлiмдерiн кеңейте түсу.
Шерхан Мұртаза оқулары
19
October
2022
Шерхан Мұртаза оқулары
17.10.2022 ж. күні Жамбыл ауданы Төле би орта мектебінде Дәстүрлі республикалық "VI Шерхан Мұртаза оқулары" байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауға I бағыт "Жұлдызы нұрлы суреттер" бойынша 10-сынып оқушысы Қуанышбек Жасмин қатысты.II бағыт "Рух пен намыстың төресі" бойынша Жауылбаева Жансая қатысып, жүлделі II орынды иеленді. III бағыт "Зау тұлға" бойынша 10-сынып оқушысы Айдаралы Алина жүлделі I орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.
Менiң кiшi Отаным
14
October
2022
Менiң кiшi Отаным
Бүгiн 9-10 сынып оқушылары арасындағы жас тарихшылардың "Менiң кiшi Отаным" атты конкурсының "Менiң кiшi Отанымның тарихы" номинациясы бойынша облыстық кезеңi өтті. Мектебiмiздiң 10 сынып бiлiм алушысы Мұхтар Аяулым қатысып, жүлделі 3 орынды иелендi. Жетекшiсi: тарих пәнінің мұғалімі Аязбекова Сәндiкүл Барзуқызы.  Жеңістерiңiз құтты болсын!
Балалар оқулары
14
October
2022
Балалар оқулары
Бүгін республикалық "Балалар оқулары" байкауының облыстық кезеңi өтті. Мектебiмiзден Шәріпбек Балнұр 5-6-сыныптар арасында кітап оқу бойынша жүлделі 2 орынға ие болды. Жетекшiсi: Абдушукурова Айдана Абдимуратқызы қазақ тілі мен әдебиет пәнiнiң мұғалiмi.  Жеңiсiңіз құтты болсын!
Ең үздік медиатор мектебі
13
October
2022
Ең үздік медиатор мектебі
8-11 сынып оқушылары арасындағы "Ең үздік медиатор мектебі" республикалық байқауының облыстық кезеңінде II орын иеленген Жамбыл ауданы Айшабибі орта мектебінің 9 А сынып білім алушысы Жауылбаева Жансая марапатталды.