15
May
2020
#ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога
Қашықтықта алған білімімізді бағалайтын кез келді. Негізгі пәндерден тапсыратын БЖБ және ТЖБ-ның артықшылығы, оқушылардың әр бөлімді қалай игергенін паш етеді, оның жетістігінің нақты деңгейін көрсететіні анық. Балалар 100 пайыз нәтиже көрсетуге жас кезден ынталанады.
Карантин кезеңінде БЖБ және ТЖБ әдеттегі режимде жүргізуге мүмкіндік жоқ екені бәрімізге мәлім.
Төртінші тоқсанда 7 оқу аптасы бар, оның 3-5-ші оқу аптасы БЖБ мен ТЖБ алынатын уақыт. Барлық пәндер бойынша БЖБ бір-ақ рет өткізіледі. Бұрын біздің күнтізбелік- тақырыптық жоспарлау бойынша оның саны 2-3 болуы керек еді, ал осы тоқсан бойында тек бір рет БЖБ өткізу туралы шешім қабылданды. Біз, яғни бастауыш сынып бірлестігі аяқтаған бөлімдер үшін жиынтық бағалауды жүргіздік. ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі №135 бұйрығына сәйкес БЖБ және ТЖБ-да айтылым, тыңдалым дағдыларын талап ететін мақсаттарды алып тастап, жазылым және оқылым дағдыларын қамтыдық. Бастауыш сынып болғандықтан жас ерекшеліктерін ескере отырып, нұсқаулық бойынша БЖБ оқу тапсырмасына 7-10 балл аралығында, ТЖБ оқу тапсырмаларын 15 балл аралығында құрастырдық. БЖБ/ТЖБ өткізу күні мен уақытының кестесін әкімшілікке өткізіп және бұл кестемен оқушыларды да хабардар еттік.
Балаларға тапсырманы екі нұсқада WhatsApp желісінде ұсындық. Балалар тапсырманы толық орындады. Әрине, бұл жағдайда шыншылдық, оқушылардың тәуелсіз көзқарасы да болуы керек. Ата-аналар да осыны естен шығармауы керек, өйткені бәрімізге баға емес, алған білім маңызды екенін дұрыс түсінуіміз қажет екені түсінікті.
Оқушылардың жауаптары тексерілгеннен кейін, БЖБ/ТЖБ қорытындысы сынып журналына қойылды.
Бұл қиын кезеңде қорқыныш пен күдік қанша басым болса да, қадамымызды нық басып келеміз. Қашықтықта оқыту жүйесінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлының мұғалімдерге қолдауы және берген бағыты мен нұсқаулығы, ұжым және ата-аналардың көмегімен кез келген істің шешімін табуға болатынына көзіміз жетті.
Айшабибі орта мектебінің бастауыш сынып пән бірлестігінің жетекшісі Таңатарова Айнаш Жанұзаққызы