14
May
2020
#ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога
«Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ»- деп К.Ушинский айтқандай, мұғалім оқушыға өз мейірімі мен сүйіспеншілігін көрсете алуы керек деп ойлаймын. Сонда ғана білім мен пәнге деген қызығушылық қатар жүреді. Сол секілді мен үйде оқытылатын оқушыларыма барынша жеңіл әрі тақырыпқа қатысты қызықты деректерді міндетті түрде беріп отырамын. Әр сабақтан кейін оқушылармен кері байланыс жүргізе отырып, сабақты тұжырымдаудамын. Қазіргі таңда қашықтықтан оқыту барысында мен WhatsApp желісімен үйде оқытылатын оқушыларыммен байланыстамын. Үйде оқытылатын оқушылар тек WhatsApp желісі арқылы берілген тапсырмалармен шектеліп қана қойMay, сонымен қоса онлайн жүргізіліп отырған байқауларға да белсене қатысуда. Мен сабақ беретін оқушымның бірі Аружан да қалт жібермеуде. Ол өте тәрбиелі, ұқыпты, талантты қыз. Qalamger.kz сайтындағы “Жас суретшілер” байқауына қатысып сурет салу шеберлігін көрсете білді. Аружанның осы өнеріне тәнтімін. Байқауларға қатысып, өз өнерін шыңдауына мен өз үлесімді қосып отырмын деп білемін.
Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз болмақ.
Айшабибі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тажибекова Ақмарал Асқарбекқызы
Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз болмақ.
Айшабибі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тажибекова Ақмарал Асқарбекқызы