Ағылшын тілі пән бірлестігінің апталығы » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » » Ағылшын тілі пән бірлестігінің апталығы
10
December
2019

Ағылшын тілі пән бірлестігінің апталығы

2019 жылдың 11. 11.-21.11. күндері аралығында өткізілген                           Ағылшын тілі пәні әдістемелік бірлестігінің «Ағылшын тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта оқыту» тақырыбындағы онкүндіктің анықтамасы

      Мақсаты : оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту арқылы жеке тұлға ретінде қалыптастыру.

     Күтілетін нәтиже:ағылшын тілі сабақтарында тіл байлықтары, сөздік қоры молайып, шығармашылық жұмыспен шұғылдануға дағдыланады, шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Ағылшын тілі пәні  бірлестігінде 8  мұғалім жұмыс жасайды.                                       Олардың 2 мұғалімі-I санатты                                                                                      Утепбергенова К.С. Еңбек өтілі -40 жыл                                                   Бекболтаева Н.Т. Еңбек өтілі 15жыл                                                                                           

II санатты - 3мұғалім                                                                                              Нұралиева С.М.Еңбек өтілі 18жыл,                                                                   Төлепбергенова Л.М. Еңбек өтілі 16жыл,                                                                Рахымбаева М.С. Еңбек өтілі 18жыл   

Санаты жоқ -4 мұғалім:                                                                                                          Бекен А.С. Еңбек өтілі 3жыл                                                                              Сырымбетова Ж.Ж Еңбек өтілі 2 жыл                                                                          Касымова Ж.И. Еңбек өтілі 3жыл                                                                                Иткулова Д.Т Еңбек өтілі 4жыл                                                                      

Апталық аясында  пән мұғалімдері ашық сабақ пен сыныптан тыс іс-шара және байқаулар өткізді.Жоспарланған жұмыстар толық орындалды

11 қарашада мектепішілік саптүзеуде  он күндіктің ашылуы  өтті. Апталықтың ашылуында мектеп оқушылары өз өнерлерін ағылшын тілінде ән-жырмен салтанатты  түрде қатысты .Апталықта өткізілетін іс –шаралармен бірлестік жетекшісі Нұралиева С.М таныстырып өтті .                                                                       12қараша күні  ағылшын тілі пәнінен 1-4 сыныптар арасында                                  «Fantasy world» атты сурет байқауын Рахимбаева М,Касымбаева Ж өткізді. Оқушылардың дарынды жұмыстары бағаланып, марапатталды.                        12қараша күні 5-10 сыныптар арасында «The world of poetry» мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды.Жауаптылар: Утепбергенова.К, Иткулова.Д   Байқауда оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысы бағаланды.   

                                                                                                                                                                                                    13 қараша күні  Бекболтаева.Н 6 «б» сыныбында «Animal behaviour» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта  оқушылар   топтық жұмыс үлгілерін көрсетіп, мұғалім өз сабағында жаңа технология элементтерін қолданды.

14 қараша күні «Big English Battle» жарысын Сырымбетова.Ж, Бекен.А, Тулепбергенова.Л ұйымдастырды. Жарыста білімділік,тәрбиелік,дамытушылық мақсатында оқушылардың арнайы біліктерінің қалыптасуына әсер етті. Белсенді қатысқан оқушылар марапатталды. 

15қараша күні Нуралиева .С 5 «ә» сыныбына « Holidays in different seasons» тақырыбында  ашық сабақ өткізді.Мұғалімнің көшбасшылығы,оқушылармен белсенді іс-әрекетті ұйымдастыру шеберлігі жоғары деңгейде болды. Мұғалім жаңа әдіс-тәсіл арқылы оқушыларды бағалады.Сабақтың әр кезеңіңде уақытты тиімді пайдаланды.

15қараша күні Касымова Ж. 2«ә»сыныбына «School days» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Мұғалім сабақтың әр кезеңінде оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілін қолданды.Сабақты бекіту шеберлігі ,сабақты қорытындылауы жақсы деңгейде өтті.

18 қараша күні Рахимбаева М. 2«г» сыныбына «School things» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Оқушылардың қызығушылығы,танымдық белсенділігі,ауызша жазбаша жұмыс дағдылары  қолданылды. Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен  жұмыс жүргізілді.

18 қараша күні ағылшын тілі пәні бірлестігінің мұғалімдері «The symbols of London» макеттер көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге қойылған үздік жұмыстар  марапатталды. 

19 қараша күні Тулепбергенова .Л «First and Second conditionals» тақырыбында ашық сабақ өтті. Әдістеме тұрғысынан сауаттылығы жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдаланып,топтық жұмыс т.б жаңа форматтағы  әдіс тәсілдер қолданды. 

19 қараша күні Бекен.А «Present continuous question» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың бағдарламаға сәйкестігі,тапсырмалардың оқушының жас ерекшелігіне сай келеді.Сынып оқушыларының назарын   жаңа тақырыпқа әдіс-тәсілдер қолдану   арқылы аударта білді. 

20 қараша күні Cырымбетова .Ж 8 сыныпта « Past Simple»тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақтың білімділік,тәрбиелік,дамытушылық біліктері қалыптасты.Оқушылардың тәртіптік деңгейі,ұйымшылдығы жақсы деңгейде жүргізілді 

20 қараша күні Иткулова.Д «Expressing and justing opinion fantasy books and films» Ұйымдастыру кезеңі,сабақтың мақсаты мен міндеті дұрыс қойылды.Сабақ бағдарламаға сәйкес,оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес болды.Оқушылардың қызығушылығы,танымдық белсенділігі,ауызша жазбаша жұмыс дағдылары  қолданылды Сабақты бекіту шеберлігі,сабақты қорытындылауы жоғары деңгейде болды.

21 қараша күні Апталықтың жабылуын «Ағылшын тілі пәні бірлестігінің мұғалімдері» ұйымдастырумен өткізілді . Жабылуы кезінде сыныптан тыс іс-шара өткізілді.Онкүндікке белсене  қатысып ,жақсы атсалысқан оқушылар мараппатталды.