Activity » Страница 20 » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Страница 20
Мектепке саяхат
13
October
2022
Мектепке саяхат
Мектеп табалдырығын жаңа аттаған 1-сынып оқушыларына мектептi таныстыру мақсатында "Мектепке саяхат" іс-шарасы ұйымдастырылды. Мектепте көптеген бөлмелер, бұрыштар бар. Олар - сынып кабинеттерi, асхана, кiтапхана, дәрiгер бөлмесi, мұғалiмдер бөлмесі, «Балалық шақ», «BOOKCROSSING» бұрыштары. Жоспар бойынша әр сыныптың өз топ жетекшiлерi берiлген бағыт бойынша таныстырып отырды. Бұл саяхат оқушыларды мектеп өмiрiмен жақынырақ танысуға мүмкiндiк бердi.
Жүзден жүйрiк
11
October
2022
Жүзден жүйрiк
2022 жылдың 11 қазаны күнi Жамбыл ауданы "Жастар ресурстық орталығы" мен Жамбыл ауданы бiлiм бөлiмi Балалар жылына орай ұйымдастырған "Жүзден жүйрiк" интеллектуалды ойынына мектебiмiздiң 11"А" сынып окушылары Рахымбай Абибулла мен Төлентай Айша үш кезеңнен тұратын түрлі бағыттағы сұрақтар мен кино үзiндiлерi, ұлы тұлғалардың дауыстарын табу сияқты сан қилы сынақтарға қатысып, өздерiндей он мектептен келген окушылармен бақ сынасты.Нәтижесiнде "Алгыс хатпен" марапатталды.Екі оқушымыз да
Best сынып
10
October
2022
Best сынып
Айшабибі орта мектебінде 1-ші ауысымның "Best сынып"- 5 "А" сыныбы 2-ші ауысымның "Best сынып" - 6 "Г" сыныбы болды.
Жыр шұғыла
07
October
2022
Жыр шұғыла
Айшабибі ортамектебінде бастауыш сыныптар арасында "Жыр шұғыла" әдеби жиыны өтті.Жиында Абай Құнанбайұлының шығармаларынан, үзінділер айтылып, оқушылар ақын атамыздың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Оқушылар жиынға белсене қатысып, әдеби білімдерін одан әрі толықтырды.
Ұстаз - халық анасы
07
October
2022
Ұстаз - халық анасы
Мектебiмiздiң бастауыш сыныптары арасында "Ұстаз-халық анасы" тақырыбында 3"А" сыныбының ұйымдастыруымен "Жыр-шұғыла" әдеби жиыны болып етті. Жиында ұлы тұлғалардың ұстаз жайлы жазылған жырлары мәнерлеп оқылып, "Ұстазым" әні жалғасын тапты. Әдеби жиынның мақсаты-ақындардың өмiрi мен шығармашылығын таныту, өлеңдерiн мәнерлеп оқуға дағдыландыру, олардың өлеңге деген ынтасын, керкем сөз оқу шеберлiгiн арттыру болып табылады.
Жаратылыстану ғылымдары-дәстүрлі ғылымдардың тоғысуынан пайда болған ғылымдар жуйесi
04
October
2022
Жаратылыстану ғылымдары-дәстүрлі ғылымдардың тоғысуынан пайда болған
3.10 күнi Жамбыл ауданы Айшабибі орта мектебiнде жаратылыстану пәндерi бойынша "Жаратылыстану ғылымдары-дәстүрлі ғылымдардың тоғысуынан пайда болған ғылымдар жуйесi" атты айлықтың ашылу салтанаты болды. Жас ғалымдардың жургiзуi бойынша әр пәнге жеке-жеке тоқталып, ғылымға турлi тәжiрибелер жасалынылып, окушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттыра түсті. Салтанатты ашылу рәсімін қорытындылай келе, айлықтың өз деңгейінде керемет етуіне барлық оқушылардың атсалысуын жіті назарға алынады.