21
September
2022
Сегіз қырлы, бір сырлы....
Айшабибі орта мектебiнде 2022 жылдың 21 кыркүйегiнде "Мұрагер" ұлдар кеңесi клубының ұйымдастыруымен "Сегіз қырлы, бір сырлы...."
тақырыбында ардагер ұстаз, ақсақалдар кеңесiнiң төрағасы Ж.Қалыбаев мырзамен кездесу болып өттi. Кездесудiң мақсаты: ержiгiттiң қандай болу керектiгiне, үлкен мен кiшiге сый-құрмет көрсетуге, әдептілікке, патриоттыққа, парасаттылыққа, тектiлiкке, бiлiмдiлiкке тәрбиелеуге бағыт-бағдар беру болды. Кездесу барысында Ж. Қалыбаев мырза ұлдарга өз ақыл-кеңесiн айтып, батасын бердi. Ұлдарға сегіз қырлы, бір сырлы болудын қаншалықты маңызды екенiн түсiндiрдi. Ұлдар клубының жетекшісі С.Қапан такырыпты барынша кеңiнен ашып, жан-жақты мысал келтiре отырып, ұлдардың санасына, өз бойына жақсы қасиеттердi қалай жинау керектiгiн әдемi жеткiзе бiлдi.