2 “А” сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ болып өтті.
Қазан айының 18- інде 2 “А” сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ болып өтті. Тақырыбы: “Жолбарыс пен тышқанның достығы”.Сынып жетекшісі А.Танатарова сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында әртүрлі жаңа әдіс- тәсілдер қолданды. Топпен “Аквариум” әдісі, жұппен “ТВ шоу” әдісі,жеке “Жаңа ақпарат” әдісі т.б ұжымдық жұмыстар жасатты. WordWool платформасы арқылы адасқан сөздерді орнына қойып, мақал-мәтелдер құрастырылды. Әр тапсырмада қалыптастырушы бағалау жүргізіп отырды.