22
April
2020
#ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога
Балалардың білімі мен болашағы үшін Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлының қазіргі жағдайға байланысты қашықтықтан оқытуға ұсынған нұсқаулығына сүйене отырып, қашықтықтан білім беруге көштік. Айшабибі орта мектебінде әр мұғалім өзінің қашықтықтан білім беру сабақтарын жоғары деңгейде өтуде. Балаларға WhatsАрр желісі арқылы байланыс жасап, білім берудемін. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы өте жоғары. Әрбір сабақтың уақытын тағатсыздана күтіп отырады. Оқушылардың сабаққа қатысуы мен түсіну деңгейлері де жоғары. Оқушылардың білімге ынтасын арттыру мақсатында үлкен ізденіс пен, жоғары дайындықпен сабақ өтудемін. Олардан кері байланыс алып отырамын. Ел болашағы білімді жастардың қолында болғандықтан, олардың саналы білім алуы үшін оқу үдерісінің ойдағыдай өтуіне белсенділікпен атсалысамын. Сондықтан біз бәріміз бірге бұл қиындықты да еңсереміз. Біз бірнеміз! Біз үйдеміз!
Айшабибі орта мектебінің география пән мұғалімі Аманжолова Индира Маратовна.
Айшабибі орта мектебінің география пән мұғалімі Аманжолова Индира Маратовна.