Айшабибі орта мектебінде ата-аналарға арналған "Ашық есік" күні өтті. » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Айшабибі орта мектебінде ата-аналарға арналған "Ашық есік" күні өтті.
20
October
2023

Айшабибі орта мектебінде ата-аналарға арналған "Ашық есік" күні өтті.

Айшабибі орта мектебінде бүгін ата-аналарға арналған "Ашық есік" күні өтті. "Ашық есік" күні ата-аналарды тіркеуден басталып, оқушылардың ғылыми-зерттеу көрмесіне жалғасты. Көрме тамашалап өткен ата-аналар балаларының сабақтарына қатысты. Сабақтан соң "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" бағдарламысына сай алғашқы сабақтар өтілді. Сонымен қатар, ата-аналар ашылған орталықпен танысып, жиын залындағы жалпы ата-аналар жиналысына өтті. Жиналысты мектеп директоры Бахыт Рахымжанқызы ашып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахат Пернебекқызы "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметімен таныстырды. Жиналыста ата-аналар алғашқы сабақтан алған әсерлерімен бөлісті. Үшінші бөлімде ситуациялық жағдаяттарды ата-аналар рөлмен сомдап көрсетті. Жамбыл аудандық білім бөлімінің бас маманы Үсіпбеков Нұрлан Талғатұлы өтілген сабақтарға қатысып, ата-аналарға алғысын білдірді.