Педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережесімен таныстыру жұмыстары
Айшабибі орта мектебінде 2024 жылдың 19 наурыз күні педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережесімен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Таныстыру барысында мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Н.Торткульбаева "Педагогтерді аттестаттау өткізу қағидалары мен шарттары" бойынша педагогтерді аттестаттау Ережесінің жаңа жобасына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жоба түрінде ұсынылған аттестаттау Ережесі бойынша аттестатталатын педагогтің іс- әрекеті, ұстаз платформасы туралы толық ақпарат берілді.