Материалы за Октябрь 2022 года » Страница 4 » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» Материалы за Октябрь 2022 года » Страница 4
Менің Отаным-Қазақстан
19
October
2022
Менің Отаным-Қазақстан
Айшабибі орта мектебiнiң 11-Б сыныбында « Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты өттi. Сабақтың мақсаты жас ұрпақты Отанын сүюге, елiмiздiң рәмiздерiн қастерлеуге, бай-қуатты ел екендiгiн мақтан етуге үйретiп, туған еліне, жерiне деген сүйiспеншiлiгiн арттырып, патриоттық Сезiмiн ояту. Отан... Бұл сөз - әр адамның жанына жақын, жүрегiне жылы тиер сөз. Осы сөздің астарында қанша мағына жатыр десеңізші?! Мен туған және өскен жерi бiртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын.
Ұлт қырандары
19
October
2022
Ұлт қырандары
Айшабибі орта мектебінде Мәншүк Маметова мен Талғат Бегильдиновқа 100 толуына орай "Ұлт қырандары" атты дөңгелек үстел өткізілді.Мақсаты: елін, жерін қорғаған батырлардың ерлігін мақтаныш етуге, ұлтжандылыққа оқушыларды тәрбиелеу.
Берекелі жәрмеңке
19
October
2022
Берекелі жәрмеңке
Айшабибі орта мектебiнде 2022 жылдың 14 қазан күнi "Берекелi жәрмеңке" атты iс-шара өтiлдi. Жәрмеңкенiң мақсаты:"Берекелi жәрменке" мерекесіне ұйымшылдықпен катыса отырып, күз-байлық, күз береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенiн оқушы санасына жеткiзу. Күздiң мол жемiсiнен жәрмеңке ұйымдастыру арқылы өздерiне ерік бере отырып, ауызбiршiлiкке, ынтымақтастыққа баулу. Адамгершiлiк-этикалық тәрбие ала отырып, экономикалық бiлiмдерiн кеңейте түсу.
Шерхан Мұртаза оқулары
19
October
2022
Шерхан Мұртаза оқулары
17.10.2022 ж. күні Жамбыл ауданы Төле би орта мектебінде Дәстүрлі республикалық "VI Шерхан Мұртаза оқулары" байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауға I бағыт "Жұлдызы нұрлы суреттер" бойынша 10-сынып оқушысы Қуанышбек Жасмин қатысты.II бағыт "Рух пен намыстың төресі" бойынша Жауылбаева Жансая қатысып, жүлделі II орынды иеленді. III бағыт "Зау тұлға" бойынша 10-сынып оқушысы Айдаралы Алина жүлделі I орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.
Шерхан Мұртаза
17
October
2022
Шерхан Мұртаза
Биыл жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза атамыздың-90 жылдығы.Айшабибі орта мектебінің "Айшабибі" театр үйірмесі, 16 қазан "Нан" күніне жазушының "Интернет наны" қойылымын көрсетті.Әңгіме желісіндегі балалар жақсы сомдай білді.Мақсатымыз күнделікті өмірде "нан" қадірін түсініп қастерлеу. 
Менiң кiшi Отаным
14
October
2022
Менiң кiшi Отаным
Бүгiн 9-10 сынып оқушылары арасындағы жас тарихшылардың "Менiң кiшi Отаным" атты конкурсының "Менiң кiшi Отанымның тарихы" номинациясы бойынша облыстық кезеңi өтті. Мектебiмiздiң 10 сынып бiлiм алушысы Мұхтар Аяулым қатысып, жүлделі 3 орынды иелендi. Жетекшiсi: тарих пәнінің мұғалімі Аязбекова Сәндiкүл Барзуқызы.  Жеңістерiңiз құтты болсын!