Менің Отаным-Қазақстан
Айшабибі орта мектебiнiң 11-Б сыныбында « Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты өттi. Сабақтың мақсаты жас ұрпақты Отанын сүюге, елiмiздiң рәмiздерiн қастерлеуге, бай-қуатты ел екендiгiн мақтан етуге үйретiп, туған еліне, жерiне деген сүйiспеншiлiгiн арттырып, патриоттық Сезiмiн ояту. Отан... Бұл сөз - әр адамның жанына жақын, жүрегiне жылы тиер сөз. Осы сөздің астарында қанша мағына жатыр десеңізші?! Мен туған және өскен жерi бiртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын.