10 тамыз - "Абай күні"
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының ұсынысымен Мемлекет басшысы 10 тамызды, яғни, ұлы Абай Құнанбайұлының туған күнін "Абай күні" деп белгіледі. Абай – өз шығармаларымен қазақ халқының ақыл-ой, жан-жүрек қазынасын ғаламат байытқан дана ақын ретінде әлемдік өркениеттен ойып орын алған ұлы тұлға. Ұлы Абай сол биікке өзімен қоса туған ұлтын да өрлетіп, төрлетіп отыр. Темірқазығымыз, шамшырағымыз ұлы хакім екенін бүгінгі ұрпақ бағамдап қалды. Биыл Президент ұлы ақынның 175 жылдық