Алғыс айту күні
1 наурыз - Алғыс айту күніне орай ұлттық құндылықтарды жаңғырту, оқырмандардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухты сіңіру, оларды отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында Айшабибі орта мектебінде, Айшабибі орта мектебінің оқушылары және Айшабибі ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі Қыдырхан Айдана Айтбекқызының ұйымдастыруымен «Алғысымыз шексіз» атты мерекелік шара өтті.