Ақпарат » Страница 17 » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 17
Жаратылыстану әлеміне саяхат
07
февраль
2023
Жаратылыстану әлеміне саяхат
🌏 Жамбыл ауданы Айшабибі орта мектебінде ұжаратылыстану пәні мұғалімдері Сейдакова Айгерім және Нұрманалиева Зауренің ұйымдастыруымен 06.02.2023 күні 5-сынып білімгерлері арасында “Жаратылыстану әлеміне саяхат” атты тақырыпта сайыс болып өтті. 🌏 Сайыс барысында әділ- қазылар сайланып, ойын ережесімен таныстырды. 🌏 Білімгерлер 5 тур бойынша өз білімдерін ортаға салып, белсенділіктерін көрсете білді. 🌏 1- тур “ Сәлем сөздің анасы”. Әр топ өз атауларын, төс белгілерімен ұрандарымен таныстырды. 🌏
Жаңа Қазақстан: тіл және тарих
07
февраль
2023
Жаңа Қазақстан: тіл және тарих
Айшабибі орта мектебінде "Жаңа Қазақстан: тіл және тарих"атты қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәндері бірлестігінің айлығы аясында 8-10сынып оқушылары арасында" Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстанды болашақта қалай елестетесің? "атты эссе байқауы өтті. Оқушылар өз эсселерінде Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы орнын,алға қарай дамуын қиялдарына қанат бітіріп, келешекте Жаңа Қазақстанды қалай көретіндерін суреттеп жазды. Ой ұшқырлығымен,тіл сауаттылығымен жазылған эсселер жүлделі орындармен
Тіл мен тарих-елдігімнің ажырамас бөлігі
07
февраль
2023
Тіл мен тарих-елдігімнің ажырамас бөлігі
Мектебімізде "Жаңа Қазақстан:тіл және тарих" атты қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәндері бірлестігінің айлығы аясында 9-11 сыныптар арасында "Тіл мен тарих-елдігімнің ажырамас бөлігі" атты шығарма жазу байқауы болып өтті.Байқауда оқушылар елдігіміздің,тіліміздің,тарихымыздың өз өмірлеріндегі маңызды орнын сөзбен орынды өре білген.Байқауға 18 оқушы қатысып, ойымен,сөз саптауымен,сауаттылығымен ерекшеленгендері жүлделі орындарға ие болды.  
Алтын сақа
03
февраль
2023
Алтын сақа
03.02.2023 жылы Айшабибі орта мектебінде 3-4 сыныптар арасында мектепішілік "Алтын сақа" математикалық олимпиадасы өтті. "Алтын сақа" олимпиаданың мақсаты: математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервін қалыптастыру; жеңімпаздарды анықтап, ынталандыру. Олимпадаға 3-4 сыныптардан 30 білім алушы қатысып ,бақтарын сынап көрді.  
АЙШАБИБІ FM
03
февраль
2023
АЙШАБИБІ FM
АЙШАБИБІ FM МЕКТЕП РАДИОСЫ #спортспортспорт АЙДАРЫ ​https://www.instagram.com/reel/CoKIW0UDsQb/?utm_source=ig_web_copy_link​​​
Оқуға құштар мектеп
03
февраль
2023
Оқуға құштар мектеп
Айшабибі орта мектебінің кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ақпан айының бірінші жұлдызында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында үшінші және төртінші сынып білім алушыларымен «1 шәкірт 20 әңгіме» атты тақырып шеңберінде іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Аталмыш іс-шара барысында ертегілер мен оқулықтар ішінен үзінділер алынып, құпия гүлдер арасынан өз нөмірлерін таңдап алып жауап қатып жатты. Оқ бойы оза шыққан білім алушылар бірден-ақ көзге түсті. Мәтінді нақышына келтіріп, мазмұнын
Тәлім, тәрбие, үлгі, өнеге
26
январь
2023
Тәлім, тәрбие, үлгі, өнеге
“Тәлім, тәрбие, үлгі, өнеге” атты бейнеролик #аналармектебі🤗 #әжелермектебі  ​https://www.instagram.com/reel/Cn3Um1DonNa/?utm_source=ig_web_copy_link​​​
Отбасы тәрбиесіндегі әкелер орны
25
январь
2023
Отбасы тәрбиесіндегі әкелер орны
 “Отбасы тәрбиесіндегі әкелер орны” #әкелермектебі  https://www.instagram.com/reel/Cn0ophaIz3L/?utm_source=ig_web_copy_link ​​​
Жаяу жүргінші өтпелері
20
ноябрь
2022
Жаяу жүргінші өтпелері
Мектебіміздің 1-сынып бүлдіршіндерiмен жолда жүру ережесі жайлы бiлiмдерiн қалыптастыру мақсатында "Жаяу жүргінші өтпелері" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргiзiлдi.Түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында, оқушыларды жол белгiлерiмен және жолда жүру ережелерімен таныстырды. Жол қауiпсiздiгiн сақтамаған жағдайда кездесетін жарақаттар,түрлі жағдайлар жайлы түсіндірілді. Оқушыларға жолда жүру мәдениетiн үйретiп, жол ережесін сақтауға шақырды. #балаларқауiпсiздiгi
"Педагог" кәсіптік стандарты
20
октябрь
2022
"Педагог" кәсіптік стандарты
2022 жылдың 20 қазанында Айшабибі орта мектебiнде педагогтерге мектеп директоры Бахыт Рахымжанқызы ақпараттық - түсiндiру семинарында жаңа буынның кәсiби стандарттарының сипаттамасы, педагогтiң негiзгi және қосымша қызметiнiң мазмұны мен мiндеттерi, сонымен қатар, педагогтiң кәсiби кұзыреттiлiгiнiң критерийлерi, көрсеткiштерi туралы ақпараттарды таныстырды.