29
январь
2024
Алматы қаласындағы “Қазақстан Жазушылар Одағы” ғимаратында ‘Ғұмырдария” шығармашылық орталығы ұйымдастырған халықаралық “Кел, болашақ!” байқауы
Алматы қаласындағы “Қазақстан Жазушылар Одағы” ғимаратында ‘Ғұмырдария” шығармашылық орталығы ұйымдастырған халықаралық “Кел, болашақ!” байқауына Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айшабибі мектебінің 8”Ә” сынып білім алушысы Жамалбек Мерей қатысты. Ол Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған жасөспірімдер мен жастар арасындағы ән-жыр, өнер байқауының “Ақындық өнер” жанры бойынша бас жүлде иеленіп, Қытай жеріндегі Хоргос қаласында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлесе өткізетін “The Great Silk Road” (“Ұлы Жібек жолы”) халықаралық байқауына жолдама алды.
🏅📚 Жетекшісі - Раймбекова Құралай Кеңсебайқызы өскелең ұрпақ тәрбиесі мен білімді шәкірт жетелеудегі белсенділігі үшін «Үздік ұстаз» дипломымен марапатталды.
🏆 Марапаттарыңыз құтты болсын!

🏅📚 Жетекшісі - Раймбекова Құралай Кеңсебайқызы өскелең ұрпақ тәрбиесі мен білімді шәкірт жетелеудегі белсенділігі үшін «Үздік ұстаз» дипломымен марапатталды.
🏆 Марапаттарыңыз құтты болсын!

